Радиорелелік байланыс
From Wikipedia, the free encyclopedia
Радиорелелік байланыс — радиорелелік желілерді қолдану арқылы жүргізілетін радиобайланыс. Радиорелелік байланыстың мәні — алыс қашықтықтарға сымсыз хабар жеткізуге мүмкіндігі бар, көп арналы, дуплексті телефон-телеграф байланысын қамтамасыз ету. Радиорелелік байланыс метрлік, дециметрлік және сантиметрлік диапазондағы радиотолқындарда жүргізіледі.
Ол радиорелелік желі арқылы бір мегзілде 100 телефонды радиохабар бағдарламаларын таратуға мүмкіндік бере алады. Радиорелелік байланыс әскердің ұрыс әрекетінің барлық түрінде дербес түрде де, сондай-ақ радио және сымды байланыстарды қосу арқылы да қолданылады.[1]