Радиорелейлік байланыс
From Wikipedia, the free encyclopedia
Радиорелейлік байланыс — бірнеше қабылдаушы-таратушы радиостанциялар тізбегінен тұратын радиобайланыс жүйесі. Байланыс сантиметрлік және дециметрлік толқындарда жүргізіледі. Әрбір көрші екі станцияның антенналары бір-бірінен тікелей көрінетін қашықтыққа орналасуы тиіс. Жазық жерлерде ондай қашықтық 40—50 км, ал антенна
мұнараларының биіктігі 7—100 м шамасында болады. Байланыс сыйымдылығы бірнеше ондаған мың телефондық арнаға жетеді. Радиорелейлік байланысты қамтамасыз ететін техникалық құралдар мен радиотолқын таралатын орта бірігіп радиорелейлік жолды құрайды.[1]
Дереккөздер
- Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Электроника, радиотехника және байланыс. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007 ISBN 9965-36-448-6
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
Бұл — электроника туралы мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |