Пусан
From Wikipedia, the free encyclopedia
Пусан (кор. 부산) — «Корея Республикасының теңізді елордасы» деп те аталатын, Корея Республикасындағы ең ірі порт және Сеулден кейінгі ең ірі қала. Тікелей орталыққа бағынатын қала болып табылады. Қаланың корей тіліндегі ресми атауы «Пусан қала-метрополиясы» (кор. 부산광역시 Пусан кванъёкси). Пусан қаласы Корей түбегінің оңтүстік-шығыс бөлігінде, Корей бұғазының жағалауында орналасқан. Халқы тығыз орналасқан аймақтарға Нактонган және Суёнган өзеңдерінің арасындағы аумақты жатқызуға болады, таулар қалалық аудандардың шекарасы деп қарастыруға болады.
Қала-метрополия | |||
Пусан | |||
부산 광역시 釜山廣域市 | |||
| |||
Әкімшілігі | |||
---|---|---|---|
Ел |
Корея РеспубликасыКорея Республикасы | ||
Аймағы |
Йоннам | ||
Ішкі бөлінісі |
15 ку, 1 кун | ||
Майор |
Хо Нам Сик | ||
Тарихы мен географиясы | |||
Координаттары |
35°06′ с. е. 129°02′25″ ш. б.35.100° с. е. 129.04028° ш. б. / 35.100; 129.04028 (G) (O) (Я) | ||
Бұрынғы атаулары |
Кочхильсангун (VI ғасыр), Тоннэ (757-1910 жж.), Фудзан | ||
Жер аумағы |
765,46 км² | ||
Уақыт белдеуі |
UTC+9 | ||
Тұрғындары | |||
Тұрғыны |
3 535 620 адам (2009) | ||
Тығыздығы |
4825 адам/км² | ||
Ресми тілі | |||
Сандық идентификаторлары | |||
Телефон коды |
051 | ||
busan.go.kr (кор.) | |||
Ортаққордағы санаты: Пусан |
1950 жылдың 4 тамызы мен 18 қыркүйек айларының арасында Пусан периметрі Корей соғысында Оңтүстік Кореяның қорғаны болды.
2002 жылдары Пусанда Азия ойындары және футболдан FIFA World Cup әлем чемпионаты болды. ал 2005 жылы Азиялық Тынықмұхит аралық экономиялық әріптестік форумының астанасы атанды. 2005 жылдың 14 қарашасында Пусан қаласы 2020 жылғы Олимпиадалық ойындардың жүргізілу аумағына үміткер атанды.
Қазіргі таңда Пусан — Азиядағы заманауи қала болып табылады. Қала өзінің ауқымды көк тіреген үйлерімен және архетиктуралы көзқызығарлық жерлерімен танымал. Бұл жерде әлмдегі ең үлкен универмаг — «Синсеге Сентум Сити» және Корея Республикасындағы ең биік ғимарат — «Doosan Haeundae We've the Zenith Tower A» орналасқан.