Портал:Олимпиада ойындары/Таңдаулы мақала
From Wikipedia, the free encyclopedia
Бобслей — шанамен сырғанау спортының бір түрі.
![Thumb image](http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/7/75/USA-1_in_heat_3_of_4_man_bobsleigh_at_2010_Winter_Olympics_2010-02-27.jpg/640px-USA-1_in_heat_3_of_4_man_bobsleigh_at_2010_Winter_Olympics_2010-02-27.jpg)
19 ғасырдадың аяғында Швейцарияда пайда болған. Бобслей жарысы биік жал сияқты етіп екі қапталына және табанына мұз қатырылған, шұғыл бұрылыстары бар, арнайы жолдарда өткізіледі. Экипаж 2 және 4 адамнан тұрады. 2 адамдық экипаждағы спортшылар салм. 200 кг-нан, шананың салм. 165 кг-нан, ұзындығы 270 см-ден; 4 адамдықта спортшылар салм. 400 кг-нан, шананың салм. 230 кг-нан, ұзындығы 380 см-ден аспауы тиіс. Шананың сырғанау жылд. сағатына 100 км-ден астам болады. Бобслей 1924 жылдан бастап қысқы Олимпиада ойындарының бағдарламасына енді. Еуропа, Азия және Дүние жүзі чемпионаттары өткізіледі. Арнайы жасалған бобслейдром болмағандықтан Қазақстанда дамымаған.