Портал:Метро/topp
From Wikipedia, the free encyclopedia
Метро немесе метрополитен ( фр. metropolіtaіn – астаналық, гр. metropolіs – бас қала, астана) – қаладағы жолаушыларды тасымалдайтын көліктің түрі.
Метро жолы жер астында (туннельдерде), жер бетінде (қала көшелерінен оқшауланған), не жерден көтеріңкі (эстакада үстінде) салынады. Жерден көтеріңкі орналастырылатын метро өзен, темір жол, автожол, т.б. бөгеттердің үстінен өтеді. Метроның жер асты жолымен жүретін түрі көп тараған. Оның көлікке, жаяу жүргіншілерге кедергісі жоқ, әрі қаланың қалыптасқан архитектуралық көрінісіне және жер асты коммуникацияларына нұқсан келтірмейді.
Метро негізінен үлкен қалаларда (миллионнан астам халқы бар) салынады. Ең алғашқы метро (ұзындығы 3,6 км) 1863 ж. Лондонда (Англия) салынды. 1890 жылдан бастап Метро терең туннельдерге салынып, онда электрлік көлік ретінде пайдаланылатын болды. 1868 ж. Нью-Йоркте (АҚШ) жерден көтеріңкі салынған алғашқы метро іске қосылды. Еуропадағы алғашқы метро Будапешт (1896), Вена (1898) және Париж қалаларында (1900) салынды.
тағы да…
өңдеу…
Wikiwand in your browser!
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.