From Wikipedia, the free encyclopedia
Жапон өнері — VI—VIII ғасырлар жапон елінің феодализм дәуіріне аяқ басқан кезі. Жас Жапон мемлекетінің дамыған Корей және Қытай елдерімен қатынасы арта бастады. Олардан мемлекет құрылысын, жер өлшеу, өңдеу шаруашылығы мен хат тануды үйренді. Соның ішінде айта кететін жай — буддизмнің келуі. Буддизм жапон халқының ауызбірлігіне және басқа Азия мемлекеттерімен қарым-қатынасының дамуына себебін тигізді. Жапон жерінде бұл өзгерістер үлкен рөл атқарды. Осы VI—VIII ғасырларда сырттан келген жаңа идеялар ағымын кайта өңдеу аркылы жапон өнері жаңа сатыға көтерілді. Сөйтіп, өзінің жеке көркем дамуы басталды. VI ғасырдың соңы жапон өнеріндегі жаңа көркем образдар ағымы кезеңі болды.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.