![cover image](https://wikiwandv2-19431.kxcdn.com/_next/image?url=https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/1/1b/Grossgievietz-k-portal.jpg/640px-Grossgievietz-k-portal.jpg&w=640&q=50)
Портал
From Wikipedia, the free encyclopedia
Портал[1] (лат. porta — қақпа) — ғимараттың алдыңғы бетіне салтанатты сипат беру үшін қолданылатын архитектуралық элементтің бір түрі. Негізінен қоғамдық ғимараттарда жиі пайдаланылады. Портал көбіне шаршы үлгіде тұрғызылып, фриз, нақышты ою-өрнектермен безендіріледі. Роман, готика, сондай-ақ ежелгі орыс сәулет өнері үлгісімен тұрғызылған ғимараттарда перспективалық портал қолданылады. Таяу және Орта Шығыс елдерінде порталдың шаршыланып келген, бедерлі қуыстары бар өзіндік түрі қалыптасқан.[2][3][4]
![Thumb image](http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/1/1b/Grossgievietz-k-portal.jpg/640px-Grossgievietz-k-portal.jpg)