![cover image](https://wikiwandv2-19431.kxcdn.com/_next/image?url=https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/9/91/Rzeczpospolita_Dymitriads.png/640px-Rzeczpospolita_Dymitriads.png&w=640&q=50)
Поляк және швед интервенциясы
From Wikipedia, the free encyclopedia
Поляк және швед интервенциясы (17 ғ-дың басы) – Речь Посполитая мен Швеция билеуші топтарының Ресейді бөлшектеу және оның мемлекеттік дербестігін жоюға бағыталған әрекеттері. Агрессиялық жоспар 1558-1583 жж. Ливон соғысының аяқ шенінде ойластырыла бастады. 1583 жылдан кейін Стефан Баторий Ресейді Польшаға бағындыру жоспарын ұсынды. 1580 жылдың қарсаңында король Юхан ІІІ швед феодалдарының басқыншылық жоспарын жасады. 16 ғ-дың аяғындағы ішкі саяси және халықаралық жағдайлар бұл жоспарлардың жүзеге асырылуына кедергі жасады. 17 ғ-дың басында Речь Посполитаның билеуші топтары Лжедитрий І қолдап, жасырын интервенцияға көшті. 1606 ж. мамыр айында Мәскеудегі поляктарға қарсы көтеріліс кезінде Лжедмитрий І өлтірілуіне байланысты поляк феодалдары агрессиясының 1 әрекеті күйреді. Жасырын интервенцияның 2-кезеңі Лжедмитрий ІІ есімімен байланысты. Лжедмитрий ІІ негізгі әскери күштері поляк-литва магнаттарының жасақтарынан құралды. 1608 ж. көктемдегі жорық және Болхов түбіндегі жеңіс (1608ж. мамыр) нәтижесінде Лжедмитрий ІІ Мәскеу түбіндегі Тушино лагеріне орналасты.[1]
![Thumb image](http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/9/91/Rzeczpospolita_Dymitriads.png/640px-Rzeczpospolita_Dymitriads.png)