![cover image](https://wikiwandv2-19431.kxcdn.com/_next/image?url=https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/0/0a/Grain-oriented_electrical_steel_%2528grains%2529.jpg/640px-Grain-oriented_electrical_steel_%2528grains%2529.jpg&w=640&q=50)
Поликристалл
From Wikipedia, the free encyclopedia
Поликристалл — кей кезде өзінің қисық пішініне қарап кристаллит немесе кристалл дәнектері аталатын қандай да бір заттың ұсақ кристалл агрегаты. Көптеген табиғи яки жасанды материалдар (минерал, метал, құйма, керамика т. б.) поликристалл болып есептеледі.
![Thumb image](http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/0/0a/Grain-oriented_electrical_steel_%28grains%29.jpg/640px-Grain-oriented_electrical_steel_%28grains%29.jpg)
Поликристаллдар кристалдандырған кезде, полиморфтық құбылуы және кристал ұнтағының пісіп жабысуынан пайда болады. Поликристалл монокристалдан гөрі тұрақсыздау, сондықтан ұзақ қыздыру соңында рекристалдануға ұшырайды.