From Wikipedia, the free encyclopedia
Погонофоралар (Pogonophora) — теңіздегі омыртқасыз жануарлардың бір типі. Погонофоралар көбінесе тереңдігі 3 — 10 мың м су түбінде тіршілік етеді, 150-дей түрі белгілі. Жіп тәрізді созылыңқы денесі (ұзындығы бірнеше см-ден 1,5 м-ге дейін жетеді) екі жағы ашық хитинмен қапталған түтікшенің ішінде орналасады.
Денелері 4 бөлімнен тұрады: біріншісінде бас қалақшасы мен қармалауыштары; екіншісінде түтікшеге бекитін “жүгендері”; үшіншісінде ұзынша тұлғасы; төртіншісінде майда қылтандармен қапталған тері-бұлшық ет қабаты болады.
Ас қорыту жүйесі болмайды (қорегі дене қуысында тіршілік ететін күкірт бактериялары түзетін органик. заттар). Қармалауыштары арқылы тыныс алады. Қан айналу жүйесі тұйық, арқа және құрсақ қан тамырларынан тұрады. Зәр шығару органдары — бір жұп бүйректер. Жүйке жүйесі қарапайым. Сезім органдары нашар жетілген. Дара жынысты, метаморфоз жолымен дамиды. Погонофораларда алғашқы ауыздыларға да, екінші ауыздыларға да ұқсас белгілер сақталған.
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VII том
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.