![cover image](https://wikiwandv2-19431.kxcdn.com/_next/image?url=https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/7/7c/Sargent_MonetPainting.jpg/640px-Sargent_MonetPainting.jpg&w=640&q=50)
Пленэр
From Wikipedia, the free encyclopedia
Пленэр (фр. plein air - ашық ауа) - айнала қоршаған атмосфера мен күн сәулесі әсеріне байланысты картинадағы барлық бояу түсінің өзгеруін білдіретін кескіндеме үғымы. П-лік кескіндеме сурет-шілердің натураны дәлме-дәл бейнелеу үшін картинаны шеберханада емес, ашық далада салуынан қалыптасты. 17 ғасырдағы итальян Қайта өркендеу дәуірі өнерінен байқалған пленэр әдісі 19 ғ-дың 1-жартысында (Дж. Констебл, А.А. Иванов) кеңінен тарай бастады. 19 ғасырдың ортасында барбизон мектебі шеберлері (Т.Руссо, т.б.) мен француз кескіндемешісі К.Коро картиналары осы негізде салынды. 19 ғасырдың 2-жартысындағы импрессионизм өкілдері К.Моне, К.Писсарро, О.Ренуар шығармғында пленэр принциптері толық көрініс тапты. 19 ғасырдың 2-жартысы мен 20 ғасырдың басында Ресейде В.Д. Поленов, И.И. Левитан, В.А. Серов, К.А. Коровин, И.Э. Грабарь елеулі жетістікке жетті.[1]
![Thumb image](http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/7/7c/Sargent_MonetPainting.jpg/640px-Sargent_MonetPainting.jpg)