From Wikipedia, the free encyclopedia
Пианино (итал. pіаnіnо — жайлап ойнау немесе кішкене фортепиано) — дека, механика және шектері тігінен орналасқан фортепианоның бір түрі. Қазақ музыкатануында бейресми түрде — “күйсандық” деп те аталады. Пианиноны алғаш жасаған америкалық Дж.Хокинс (1800). Кейін аспап шеберлерінің бірнеше өңдеуінен өткен Пианиноның осы заманғы түрі (шойын қақпа, тоғыспалы шектер, механика, дыбыс аралығы 7 октава) қалыптасты. Пианино рояльға қарағанда жинақы, сандық сияқты. Жіңішке, жуан шектері қақпағы жабық сандықтың ішінде керіліп, дауысы біркелкі ұяң естіледі. Пианино үй жағдайында ойнауға ыңғайлы. Концерттерде “соло” ойнауға дыбысы қаттырақ, клавиатуралық диапазоны Пианиноға қарағанда кеңірек рояль пайдаланылады. Дегенмен ойнау техникасы екеуінде бірдей.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.