From Wikipedia, the free encyclopedia
Перспективті технология (ағылш. Emerging technologies, сөзбе-сөз "Жаңадан пайда болған технологиялар", немесе "Жаңадан көркейген технологиялар") — дамуы мен қолданылуы әлі толық орындалып бітпеген технологиялар. Бұл технологиялар көбінесе жаңа болады, дегенмен олардың қатарында тағы жаңа қолданыс табуы мүмкін ескі технологиялар да болады. Перспективті технологиялар көбінесе статус-квоны (кезекті жағдайды) өзгертуге қабілетті деп есептеледі.
Перспективті технологияны "уақыт өте келе тіпті де сәйкесе түсетін, әлеуметтік-экономикалық салада айтарлықтай ықпал әлеуеті бар, түбегейлі жаңа және салыстырмалы жылдам дамитын технология" ретінде анықтауға болады. Оның ең көрнекті әсері болашақта көрінеді, сондықтан ол кезектегі пайда болу сатысында әлі де біршама белгісіздікке және түсініксіз екіұдайылыққа ие болатыны сөзсіз.[1]
Перспективті технологияларға оқыту технологиясы, ақпарат технологиясы, нанотехнологиялар, биотехнологиялар, робототехника және жасанды интеллект сияқты әртүрлі технологиялар кіреді.
Жаңа технологиялық өрістер әртүрлі жүйелердің ұқсас мақсаттарға қарай дамуы барысындағы технологиялық конвергенция нәтижесінде пайда болуы мүмкін. Конвергенция (ұю, топтасу, шоғырлану) бұрын бөлек технологияларды, мысалы дауыс (және телефон мүмкіндіктері), деректер (және өнімділік қолданбалары) және видео секілділерді біріктіреді, сөйтіп олар ресурстарды бөлісіп, өзара әрекеттеседі де, жаңа тиімділіктер (efficiency) жасалады.
Перспективті технологиялар дегеніміз техникалық инновациялар болып, ол бәсекелестік артықшылықтарға қол жеткізу үшін мәлім саладағы прогрессивті дамуды білдіреді.[2] Ал, конвергентті технологиялар деп бұрынғыға мүлде ұқсамайтын салаға қарай кеңейген, сол саладағы өзгелермен әсерлесе бастаған, жаңа мақсаттар қуалай бастаған көне технологиялар айтылады. Дегенмен, перспективті және конвергентті технологиялардың әсер ету дәрежесі, жағдайы және экономикалық өміршеңдігі туралы кезекте алуан пікірлер айтылуда.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.