From Wikipedia, the free encyclopedia
Перовский маршы — музыка өнерінің классигі, күйші-композитор Құрманғазы Сағырбайұлының күйі.
Құрманғазы Орынбор түрмесінде болған кезде, Перовскийдің өзі түрмеде белгілі музыканттың, аспапта ойнайтын домбырашының отырғанын білді. Ол шығармашылық кештерінің бірінде оны түрмеден өз өнерін көрсетуге шақырды. Құрманғазы өз күйлерінің бірнешеуін ойнап берді. Перовский оның күйлері оған өте ұнағанын айтады. Құрманғазы ризашылық белгісі ретінде Перовский марш күйін дәл сол жерде тартып береді. Перовский марш күйі өзінің дыбысымен ерекшеленеді, өйткені марш интонациясы қолданылады және қандай да бір түрде орыс музыкасын еске түсіреді. Сол себептенде Перовский былай деп сұрады:
- Сіз қандай күй шығармасын ойнадыңыз, ол біздікінен өзгеше және сіз ойнаған күйлергеде ұқсамайды?
Құрманғазы:
- Мен бұл туындымды арнайы сізге арнадым, ол Перовский маршы (Перовский шеруі) деп аталады. Ризашылық белгісі ретінде Перовский Құрманғазыны түрмеден босатқан екен.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.