Пергам

From Wikipedia, the free encyclopedia

Пергам

Пергам (грек. Pergamos) — Кіші Азиядағы ежелгі қала (қазіргі Бергама, Түркия). Бақыр өзенінің аңғарында орналасқан. Аты ежелгі мифтік батырдың есіміне байланысты қойылған. Іргесін б.з.б. 12 ғасырда гректер қалаған. Б.з.б. 263 — 133 жылдары Пергам патшалығының астанасы болды. Евмен І (б.з.б. 263 — 241 ж.) және Евмен ІІ (б.з.б. 197 — 159 ж.) билік құрған дәуірде гректердің экономикалық және мәдени ірі орталықтарының бірі болып, халқы 120 мың адамға жеткен. Мұнда Александрия кітапханасынан кейінгі ең ірі кітапхана (200 мыңға тарта орама жазба сақталған) салынды. Қазіргі кезде екі патша сарайы, Афина Никефораның мінажатханасы, кітапхана, Деметра ғибадатханасы (б.з.б. 3 ғ.), Зевстің үлкен алтары (б.з.б. 2 ғ.), театр (б.з.б. 2 ғ.), т.б. құрылыстардың қалдықтары сақталған. Олар кезінде Эпигон мен басқа да мүсінші шеберлердің қоладан жасаған композицияларымен, антик. өнердің үздік туындыларымен бедерленген. Б.з. 2 ғасырнда Пергам патшалығы Рим империясының Кіші Азиядағы провинциясына айналды. Пергамда бірнеше дүркін қазба жұмысы (1878 — 86, 1900 — 06; неміс археологтары К.Хуман, Э.Курциус, т.б.) жүргізілді.

Дереккөздер

A.
Көне Пергамның макеті
A.
Пергамдағы көне заман театры

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VII том


Wikiwand in your browser!

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.

Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.