Пептидтер
From Wikipedia, the free encyclopedia
Пептидтер (гр. πεπτος — құнарлы) — амин қышқылдарының қалдықтарынан тұратын органикалық заттар. Амин қышқыл қалдықтарының санына қарай ди-, три-, тетра- пептидтерге, олигопептидтерге және полипептидтерге бөлінеді. Пептидтер молекулалары әдетте бір шетінде аминтобы, бір шетінде карбоксил тобы бар ұзын тізбек. Кейде олар тұйық түрде де кездеседі — циклопептидтер (кепшілік токсиндер„ гормондар, антибиотиктер). Пептидтер биологиялық қасиеттері бар заттардың көбісі жатады. Тірі торшада олар амин қышқылдарынан түзіледі немесе белоктардың ферментті ыдырауынан туады.[1][2]
Адам ағзасында кездесетін табиғи пептидтер әртүрлі маңызды қызметтерді атқарады. Мысалы, глутатион тотығу-тотықсыздану реакцияларында протонды беруші және қабылдап алушы, окситоцин - сүт бөлінуіне, жатыр бұлшықеті жиырылуына, вазопрессин - бүйректегі реабсорцияға тікелей қатысады. Пептидер зат алмасуын реттеуде де (гипоталамус ризилинг-гормондары және басқалары), асқорытуда да (гастрин,холецистокинин), АҚ тонусын реттеуші (брадикинин), ауырсынуды басушы (опиоид пептидтер), жүйке жүйесі қызметін реттеуде де маңызды биохимиялық рөлді орындайды.[3]