Парфенон
From Wikipedia, the free encyclopedia
Парфенон - ежелгі Грекиядағы жетекші қала-мемлекет болған Афинадағы ең сәулетті храмдардың бірі. Б.з.б. 400 жылдарда афиналықтар Акрополь деп аталатын қыратта храмдар мен құдайға табынатын орындар салды. Парфенонның ұзындығы 70 метрден асатын және биіктігі 18 метрге жуық болған. Ол Афиныны жебеуші және данышпан әйел құдайы, Афинының ұлы мүсінінің храмы ретінде салынған.