From Wikipedia, the free encyclopedia
Партиялық жүйе - азаматтармен, мемлекетпен, өзара және басқа саяси институттармен әрекеттесуші әрі осы қоғамда қандай да бір деңгейде саяси-билік қатыстарына араласушы партиялардың жиынтығы; қоғамнын саяси жүйесінің кұрамдас бөлігі.[1]
Партиялық жүйе партиялардың ресми санымен емес, олардың қаншалықты дәрежеде саяси биліктің қызмет етуі және құрылуы тетігіндегі шынайы атқаратын рөліне байланысты анықталады. Партиялық жүйенің қалыптасуына бірқатар факторлар әсер етеді: қоғамдағы экономикалық даму деңгейі, әлеуметтік- таптық күштердің арақатынасы, қоғамдық қатынастардың пісіп-жетілу дәрежесі, халықтың этникалық қүрамы, тарихи және діни дәстүрлер және т.б. Демократиялық саяси тәртіпке саяси партиялардың қызметі ресми шектелмеген көппартиялық жүйе тән. Алайда, көппартиялық жүйелердің нақтылы құрылымы әр елде әрқилы. Осылайша, Жапония мен Италияда бір үстем партиямен көппартиялық жүйе қалыптасты. Жапонияда тек 1993 ж. ғана билік басындағы үстем либералды-демократиялық партияны бірнеше партиялардан қүралған одақ (коалиция) алмастырды. АҚШ, Англия, Канада және т.б. бірқатар елдерде анағұрлым ықпалды екі партия бар партиялық жүйе қалыптасқан. Авторитарлы саяси тәртіпке әдетте бірпартиялық принцип тән. Мұнда елдегі заңды жағдайдағы партиялардың ресми саны емес, бір партияның занды түрде билеуші үстем партия болып бекітілуінде. Ӏс жүзінде бұл партияның рөлі мемлекет жетекшілігіне бұқаралық қолдауды ұйымдастырумен шектеледі. Бірқатар авторитарлық тәртіптер ресми мойындалған нақтылы екі немесе одан да көп партияларға рұқсат беріп, қалғандарына тыйым салады. Бірақ осы жағдайда рұқсат етілген партиялардың қызметі едәуір шектеледі. Саяси өмірде олар қосалқы рөл атқарады, өйткені шынайы мемлекеттік саясатқа ықпал ете алмайды. Тоталитарлық саяси тәртіпке өзіндік партиялық жүйе тән. Мұнда тек қана бір саяси партия қызмет етеді, қалғандары таратылып, тыйым салынады. Алайда, авторитарлыққа қарағанда бұл саяси партия мемлекеттік биліктің басында тұрады, қоғамда үстемдік етеді. Пар¬тияның аппараты мемлекеттік аппаратпен біте қайнасып жатады. Бұл, әдетте партиялық және мемлеттік қызмет шекарасының шайылуына әкеліп соқтырады. Мұндай жүйелердің пайда болуына билікті жүзеге асырудың демократиялық әдістерінің дағдарысы себеп болады. Қазіргі кезде мұндай жүйелер халықаралық қауымдастық алдында және сол қоғам пікірінде өздерін әшкерелеген құрылымдар ретінде саяси сахнадан шығып қалуда.
Тарихқа белгілі алғашқы саяси партиялар Ежелгі Грецияда пайда болды. Олардың мүшелері аз, тұрақтылығы шамалы, жөнді ұйымдаспаған шағын топтар болатын. Олар, негізінен, құл иеленушілердің әр түрлі ағымдарының мүдделерін қорғады. Мұндай партиялар феодалдық қоғамда да болады. Бірақ шексіз әкімшілік билеген дәуірде олардың айтарлықтай маңызы болмады. Еңбекші топтар болса экономикалық бытыраңқылық пен рухани езгінің астында еді. Сондықтан олардың саяси партиялар құруға мүмкіндіктері жоқ болатын. Олардың мүддесін ара-тұра билеуші топтың алдыңғы қатарлы мүшелері қорғады. Қазіргі біздің түсінігіміздегідей саяси партиялар Еуропада XIX ғасырдың екінші жартысында пайда бола бастады. Бұған сол кезде болған буржуазиялық революциялар тікелей ықпал етті. Мемлекеттік биліктің ұйымдастырылу түрі және жүзеге асырылу ретінде парламенттер мен парламентаризм дүниеге келді. Жалпыға бірдей сайлау құқығының енгізілуі бұқара халықтың саясатқа қатысу аясын одан әрі кеңейте түсті. Жұмысшы тобының ұйымшылдығы күшейді. Олар парламентте өз мүдделерін қорғайтын көпшілік партияларда құра бастады. Саясатқа көптеген адамдар қосылып, әлеуметтік қайшылықтар шиеленіседі. Осыған байланысты саяси партиялардың рөлі одан әрі өсті. Олар саясаттың негізгі субъектісіне айналды. Бірақ саяси партиялар бірден көпшілік партия бола қалған жоқ. Оның ұзақ тарихы бар. Мысалы, немістің көрнекті саясаттанушы Макс Вебер саяси партиялардың дамуында мынадай кезеңдерді атап көрсетті:
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.