From Wikipedia, the free encyclopedia
Зат атомдарының магнит өрісі сыртқы магнит өрісі бағыты бойымен орналасқанда атомдардың электрондық қабаттарының магнит өрісі сыртқы магнит өрісіне қосылып күшейтетін жағдай тудыратын атомдармен құралатын заттарды парамагнетиктер деп атайды. Парамагнетиктер сыртқы магнит өрісін сәл ғана күшейтеді. Парамагнетиктардың магнит өтімділігі бір санынан пайыздың бірнеше бөлігіндей ғана айырмашылығы болады. Мысалы, платинаның магнит өтімділігі 1,00036.
Парамагнетиктердің және диамагнетиктердің магнит өтімділіктері вакуумдікіне өте жақын болғандықтан, олардың сыртқы өріске әсерін немесе сыртқы өрістің осы заттарға әсерін байқау өте қиын. Сондықтан көбінесе күнделікті практикада, техникада, парамагниттік және диамагниттік заттарды магниттік қасиеттері жоқ заттар деп есептейді, яғни магнит өрісін өзгертпейтін және магнит өрісін сезбейтін заттар деп санайды.
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.