From Wikipedia, the free encyclopedia
Палеоклиматология (грекше: palaios — ертедегі, ежелгі) — өткен геологиялық дәуірлерге тән Жер климаттарын зерттейтін ғылым саласы. Палеогеографиямен тығыз байланысты. Ертедегі климат жағдайы шөгінді тау жыныстарының заттық құрамы мен қатпарлык белгілері, организмдердің қазба қалдықтары және өзге де көптеген геологиялық көрсеткіштер арқылы қайта анықталады.
Палеоклиматология – Жердің өткен дәуірлердегі климаты және климаттық тарихы туралы ғылым.
Палеоклиматология[1] – палеогеография ғылымының маңызды бір саласы. Ол палеозойдан бергі уақыттың ғана климаттық жағдайын сипаттай алады. Климат жағдайы шөгінді тау жыныстарының заттық құрылымы мен текстуралық ерекшеліктері бойынша және құрып біткен организмдер қалдықтарының сипатына қарай анықталады. Жер атмосферасының геологиялық дәуір өткен сайын құрамы өзгерді; су буы мен көмір қышқыл газының мөлшері кеміп, оттектің үлесі арта түсті. Палеогеографиялық зерттеулер нәтижесінде Жер бетінде ұзаққа созылған жылы және суық кезеңдер болғаны анықталды.
Палеоклиматология стратиграфия, палеонтология және геоморфологиямен тығыз байланысты; геохимияның, геофизиканың және палеомагниттіліктің тәсілдерін пайдаланады. Палеоклиматология жер климатының даму тарихын зерттеумен қатар болашақтағы климаттың өзгеруіне болжамдар жасайды.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.