From Wikipedia, the free encyclopedia
Павлодар облысының аумағында 1200-дей кіші және орташа көлдер бар. Көпшілігі дөңгелек бейнелі таяз ойпаңды, ащы сулы, тұз тұнбалы, тұщы сулысы 90-нан астам. Бір жерде суының құрамы (хлорлы, магнезиалды, сульфатты) әртүрлі көлдер кездеседі, бұл тау жыныстарының құрамы, сапасы әрқилы грунт суларының бөлінуіне байланысты.
Көп көлдер жазда құрғап, сор батпаққа айналады. Мұндай көлдер, әдетте, терең болмайды, 1-1,5 м-ге жететіні сирек. Көбінің тереңдігі 40-50 см, қар суымен толығатын шағын көлдер. Атмосфералық, сондай-ақ грунт сулармен толығатын шалқар да терең көлдердің айдынында тұзды су ұзақ сақталады. Мысалы, Қызылқақ, Жалаулы, Үлкен және Кіші Әжболат, Үлкен және кіші Қалқаман, Үлкен және Кіші Таболжан, Шүрексор, Қарасор, Құдайкөл, Светлица және т.б.
Су режимі тұрақсыз, көлде су деңгейі сәл өзгерсе, не тартылады, не керісінше, асып төгіледі. Негізі тектоникалық тұщы көлдер қызықты. Жасыбай, Торайғыр, Сабындыкөл демалыс аймағында. Тұзды көлдер шаруашылықта кеңінен пайдаланылады, кейбіреулерінен ас тұзы өндіріледі. Мойылды көлінің балшығы емге қолданылады.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.