Оңтүстік Еуропа
From Wikipedia, the free encyclopedia
Оңтүстік Еуропа — Еуропаның оңтүстігінде орналасқан бір бөлігі. Оңтүстік Еуропаға Жеротра теңізінің жағалауында орналасқан елдерді - Пиреней түбегіндегі елдерді (Португалия, Испания, Андорра, Монако), Апеннин түбегіндегі орналасқан елдерді (Италия, Ватикан, Сан-Марино), Грекияны және арал мемлекеттер Кипр мен Мальтаны қосады.
Кейде Балқан түбегінің мемлекеттері де Оңтүстік Еуропаға кіреді: Хорватия, Черногория, Сербия, Албания, Босния және Герцеговина, сондай-ақ Түркияның еуропалық бөлігі. Квазимемлекеттік құрылым Мальта ордені де Оңтүстік Еуропаға жатады (қазіргі территория — Римдегі бір ғана сарай және Мальтадағы резиденция).