Оскар (киножүлде, 1929)
From Wikipedia, the free encyclopedia
Тарихтағы алғашқы америкалық киноакадемияның (ағылш. Academy of Motion Picture Arts and Sciences - AMPAS) жүлдесін тапсыру рәсімі 1929 жылы 16 мамырда голливудтық «Голливуд-Рузвельт» отелінде өтті. Мараппаттауға экранға 1927—1928 жылдары түсірілген фильмдер ұсынылды. Ол кезде бұл марапатқа «Оскар» атауы әлі қолданылмайтын. Барлық номинанттар «Құрметті алғыс» (ағылш. Honorable Mention) қадиясын алды. Марапат ұсыну рәсімі небары 15 минутқа созылып, 270 адам қатысқан болатын. Билет 5 доллардан сатылды. Рәсімді Дуглас Фербенкс жүргізді. Марапаттардың дизайнын «Луи Б. Майер суреттер корпорациясының» (ағылш. Louis B. Mayer Pictures Corporation) негізін қалаушы (қазіргі Metro-Goldwyn-Mayerмен біріктірілген) Луис Барт Майер жасаған. Бұл рәсім радио және теледидар бағдарламаларының ісшарасы ғана болмай Академия марапаттау рәсімі болып табылды.
1-ші «Оскар» сыйлығын ұсыну рәсімі | |
---|---|
Америкалық киноакадемияның алғашқы жүлде тапсыру рәсімі. | |
Күні | 16 мамыр 1929 жыл |
Өткізілген орны | «Голливуд-Рузвельт» отелі Лос-Анжелес, АҚШ |
Жүргізуші(лер) | Дуглас Фербенкс |
Ұзақтығы | 15 минут |
Марапаттау салтанатында америкалық киноакадемия он екі санаттағы (номинациядағы) марапаттарды табыс етті. Сол кездегі кейбір номинациялар (мысалы, «Айрықша фильм» номинациясы) қазіргі уақытта жоқ, оның орнына «Үздік арнайы эффектілер» номинациясы қолданылады[1]. Сонымен қатар, ол кезде актерлер немесе режиссерлер бірнеше жұмысы үшін марапатталатын, мысалы, Эмиль Яннингс «The Way of All Flesh» (1927) және «The Last Command» (1928) фильмдері үшін «Үздік актер» атағын алды. Ал Чарли Чаплин мен «Warner Bros.» концерны жәй ғана «Құрметті алғыс» сылығын алған [2].
Бастапқы кезде жеңімпаздар тізімі үш ай бұрын белгілі болатын алайда ресми түрінде оны жариялауы рәсім өткен күні баспасөзге берілген. Бұл жағай 1945 жылға дейін жалғасты. 1945 жылы «Los Angeles Times» газеті нәтижелерді уақытынан екі сағат бұрын жариялап жіберді және келесі жылдан бастап мөрленген конверттер пайда болды.