Осака университеті
From Wikipedia, the free encyclopedia
Осака университеті (大阪大学, Ōsaka daigaku?), немесе Хандай (阪大, Handai?) — ең ірі Жапония жоғарғы оқу орындарының бірі. Осака префектурасында орналасқан.
Quick Facts Ұраны:, Университет атауы ...
Осака университеті | |
Ұраны: | |
---|---|
地域に生き世界に伸びる (Live Locally, Grow Globally) |
|
Университет атауы | |
Шынайы аты | 大阪大学 (осака дайгаку), Osaka University |
Жалпы сипаттамасы | |
Құрылған жылы | 1869 |
Түрі | Ұлттық университет |
Орналасуы | |
Орналасқан жері | Жапония, Осака |
Кампус | Қала маңы / Қала, 1.59 км² |
Әкімшілік | |
Негізгі көрсеткіштер | |
Оқытушылар | 2,953 |
Студенттер | 25,248[1] |
Шетел студенттері | 1780 |
Бакалавриат | 15,937 |
Аспирантура | 7856 |
Сайты | http://www.osaka-u.ac.jp |
өңдеу |
Close
1869 ж. негізделіп, 1931 ж. Осака Императорлық Университеті ретінде ресми түрде университет дәрежесі берілген. Университет Осака префектурасының Тоёнака, Суйта, Мино қалалары мен Осака қаласының Наканосима аймағында — барлығы 4 кампуста жайғасқан. Студенттердің саны бойынша, Жапониядағы мемлекеттік университеттердің ең ірісі болып табылады.
Құрылымы
Университет 11 факультеттен тұрады:
- Әдеби факультет (文学部) Мұрағатталған 15 наурыздың 2008 жылы.
- Гуманитарлық ғылымдар факультеті (人間科学部) Мұрағатталған 7 наурыздың 2008 жылы.
- Шет тілдер факультеті (外国語学部) Мұрағатталған 26 қыркүйектің 2009 жылы.
- Заң факультеті (法学部)
- Экономика факультеті (経済学部) Мұрағатталған 7 наурыздың 2008 жылы.
- Ғылым факультеті (理学部)
- Медицина факультеті (医学部) Мұрағатталған 15 наурыздың 2008 жылы.
- Стоматология факультеті (歯学部) Мұрағатталған 23 наурыздың 2008 жылы.
- Фармацевтика факультеті (薬学部) Мұрағатталған 7 наурыздың 2008 жылы.
- Инженерлік факультет (工学部)
- Инженерлік ғылымдар факультеті (基礎工学部) Мұрағатталған 9 наурыздың 2008 жылы.
Атақты тұлғалары
- Хидеки Юкава — Нобель сыйлығының лауреаты
- Осаму Тедзука — белгілі жапон мангакасы және аниматоры
- Акио Морита — Sony корпорациясының негіздеушілерінің бірі
- Осаму Хаяиси — медицинадан Вульф сыйлығының лауреаты
- Хейзо Такенака — экономист, Коидзумидің министирлер кабинетінің мүшесі
Сыртқы сілтемелер
- Осака университетінің ресми торабы (ағыл.)
- Сан-Фрациско орталығының ресми торабы (ағыл.)
- Гронинген орталығының ресми торабы (ағыл.) Мұрағатталған 8 наурыздың 2008 жылы.
Дереккөздер
- Osaka University: Outline of the University. Тексерілді, 14 қаңтар 2010.