From Wikipedia, the free encyclopedia
Орта Азиядағы Ағылшын-Орыс бәсекелестігі, Англия мен Ресейдің осы аймақта сауда нарығы мен шикізат қорына ие болу, шығыстағы әскери-стратегиялық базаларын неғұрлым ұлғайту мүдделерінен туындады. XIX ғасырда Орта Азияға көз тіге бастаған Англия оңтүстік-шығыс бағытта жылжып келе жатқан Ресейді осы аймақтағы басты бәсекелесі санады. Англия XIX ғасырдыдың 40-жылдары Ауғанстан әмірімен келісімге келіп, Орта Азияға қатысты саясатын қолға алды. XIX ғасырдың I жартысында патшалық Ресей де Орта Азияға өзінің отарлық әрекетін ұлғайтып, Сібір мен қазақ даласы және Памир мен Тянь-Шань таулары аймағына үстемдігін орнатуға кірісті. Орта Азиядағы ағылшындардың белсенді әрекетіне қарсы тұру, оңтүстік шекарасын бекемдеу, әскери-стратегия база жасау мақсатында басып алған отарлық иеліктерінде бекіністер тұрғызып, шекара бойына казак-орыс қоныстарын салды. Нәтижесінде Ресей қазақ даласы арқылы Орта Азия мен Шығыс Түркістанға, одан әрі ішкі Қытайға қарай бағытталған саяси-экономикалық отарлау әрекеттерін жүзеге асыруға мүмкіндік алды.
Ағылшын-орыс бәсекелестігіне орай, XIX ғасырдың басынан Ресей Орта Азияда геосаяси және геостратегия мақсатта әр түрлі экспедициялар, саяхатшылар, елшілік қызметкерлерін жіберіп, ағылшын отаршылары ықпалының қаншалықты деңгейде екендігі жөнінде ақпараттар жинай бастады. XIX ғасырдың II жартысында Англия Бұхар, Хиуа, Қоқан және Шыңжаң жеріндегі отаршылдық әрекетін күшейте түсті. Ресей жедел түрде оның алдын алу үшін Орта Азия хандықтарына әскери жорықтарын бастады.
Ағылшындардың Шыңжаң арқылы қазақ даласына ауыз салу мүмкіндігін ескере отырып, 1854 жылы Жетісу жеріне Верный бекінісін салды. 1865 жылы орыстар Ташкент қаласын бағындырды. Англия, егер Ресей дәл осы қарқынмен жүретін болса алдағы уақытта Үндістанға да аяқ басуы мүмкін екенін болжап, қатты алаңдай бастады. Ағылшындар, әсіресе, Ресейдің Шығыс Түркістанды басып алуынан қауіптенді. Азияның орталығында тұрған бұл аймақ Ресейді әр бағытта әрекеттер жасауға, яғни шығыста Пекинге, оңтүстік-шығыста Сычуан провинциясы арқылы Үндіқытайға, оңтүстікте Тибет пен Үндістанға, сондай-ақ Ауғанстан мен сыртқы Моңғолияға тіке шығуға мүмкіндік беретін еді.
Орта Азиядағы Ағылшын-Орыс бәсекелестігі XIX ғасырдың 70-жылдары Англияның Орта Азиядағы соңғы тірегі – Мервке байланысты қайта шиеленісті. Мервтен айырыла отырып, Англия уысынан Орта Азияны шығарып алды. Осындай шиеленісті жағдайда Англия енді Ауғанстаннан айырылып қалмас үшін 1'879 жылы ағылшын-ауған соғысын бастады. Соғыс нәтижесінде Ауғанстан түгелдей дерлік Англияға тәуелді елге айналды. Орта Азияда күшейіп келе жатқан Ресейдің Еуропада да нығаюын қаламаған Англия Австрия-Венгриямен одақтаса отырып, орыс-түрік соғысын аяқтаған Сон-Стефан келісім шартын қайта қаратып, Берлин конгресінде (1878) Ресейді өз талаптарын қабылдауға мәжбүр етті. [1] [2]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.