Орн (фр. Orne) — Францияның солтүстік-батысындағы департамент, Төменгі Нормандия аймағының департаменттерінің бірі. Реттік нөмірі 61. Әкімшілік орталығы — Алансон. Халық саны 292,3 мың адам (департаменттер арасында 73-ші орын, 1999 ж.).

Географиясы

Жер аумағы 6103 км². Департамент арқылы Орн өзені ағып өтеді. Атауы осы өзеннен шықса керек.

Әкімшілік-аумақтық бөлінісі

Департамент 3 округ, 40 кантон және 505 коммунаны қосады.

Тарихы

Орн — 1790 ж. Ұлы Француз төңкерісі кезінде құрылған алғашқы 83 департаменттің бірі. Бұрынғы Нормандия және Перш провинцияларының аймағында пайда болған.

Тағы қараңыз

Сілтемелер


Wikiwand in your browser!

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.

Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.