From Wikipedia, the free encyclopedia
Ориялар (уткали)[1][2][3] — Шығыс Үндістанда тұратын халық. Жалпы саны 33,1 млн адам. (2001, халық санағы). Негізгі тұратын штаттаы: Орисса (30,6 млн адам), Чхаттисгарх (819,1 мың адам), Ассам (231,5 мың адам), Батыс Бенгалия (186,4 мың адам), Джаркхандтың оңтүстігінде (467,9 мың адам), Андхра-Прадештің солтүстігінде (336) мың адам). Олар сондай-ақ Бангладеш, Малайзия, Индонезия, АҚШ, Канада, Австралия, Ұлыбритания және басқа елдерде тұрады.[4]
Олар брахми жазуынан дамыған өзіндік ерекше жазуы бар үнді-еуропалық тілдер семьясының үнді-арий тобының ория тілінде сөйлейді. Диалектілері: бхатри, халаби (мехари), ория (мугалбанди). Орийлердің 83%-ы хинди тілінде, 3,2%-ы бенгал тілінде, 7,8%-ы телугу тілінде сөйлейді. Ория - мұсылмандар урду тілінде сөйлейді және араб әліпбиін пайдаланады.[5]
Орияның ата-бабалары ерте заманда Калинга мемлекетін мекендеген, кейін Маурия, Гупта, Харша (7 ғ.), 16-19 ғасырларда Ұлы Моғолстан мемлекеттерінің құрамында болған. Үндістанның тәуелсіздігінен кейін Орияның ұлттық аумағы жеке штатқа бөлінді. Орийлердің 90%-дан астамы ауылдарда тұрады.[7]
Негізгі дәстүрлі кәсібі – егіншілік (күріш, тары, бұршақ, бидай, қант қамысы, темекі, майлы дақылдар, мақта, кокос пальмасы). Көркемдік қолөнер дамыған – күміс филигран, ағашқа, тасқа және піл сүйегіне ою, аппликация. Өнеркәсіп дамып келеді.[8]
Дәстүрлі өмірде касталық жүйе мен дәстүрлі қатынастар күшті.
Музыкалық және би өнері (мысалы, маска киген чхау билері), мүсін өнері дамыды. Ория маңындағы индуистардың қажылық орталықтары – Конакаридағы күн құдайы Сурья храмы, арбалар фестивалі (ратхаятра) деп аталатын Пуридегі Джаганат храмы, Бхубанешвар қаласының жанындағы Лингараж храмы – үнді сәулет өнерінің ескерткіштері.
Ауылдары ретсіз орналасқан шағын болып келеді. Үйлері ағаштан жасалған көп бөлмеден тұрады.
Киімдері - ерлер үшін дхоти мен жейде, әйелдер үшін сари. Олар көптеген зергерлік бұйымдарды пайдаланады.
Дәстүрлі тағамдары - көкөністер мен ащы дәмдеуіштер қосылған күріш, кейде олар балық, қой және ешкі етін жейді.[8]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.