From Wikipedia, the free encyclopedia
Оман (араб.: عُمان), толық атауы Оман сұлтандығы (араб.: سلطنة عُمان) — Арабия түбегінің шығысында орналасқан мемлекет.[4],[5];[6];[7] Жер аумағы 312 мың км² (шекаралары шөлдер арқылы өтетіндіктен нақты белгіленбеген). Халқы 2,4 млн. (1998), 80%-ын арабтар, қалған бөлігін үнділер, парсылар, белуджалар, Африка елдерінен шыққандар құрайды. Халқының 87,7%-ы мұсылмандар, 7,4%-ы – индуизм дініндегілер, 3,9%-ы – христиандар. Ресми тілі – араб тілі. Астанасы – Маскат қаласы Әкімшілік аумағы 8 ауданға бөлінеді. Оман – шектеусіз монархия. Барлық заң шығарушы және атқарушы билікті сұлтан жүргізеді. Ұлттық мейрамы – Ұлт күні – 18 қараша (1971). Оман БҰҰ-ға мүше (1971). Ақша бірлігі – Оман риалы.
Оман сұлтандығы араб.: سلطنة عُمان | |||||
| |||||
Әнұран: «Ya Rabbana Ehfid Lana Jalalat Al Sultan» (тыңдау ) | |||||
Тарихы | |||||
---|---|---|---|---|---|
Тәуелсіздік күні | 23 шілде 1970 жыл | ||||
Мемлекеттік құрылымы | |||||
Ресми тілі | араб тілі | ||||
Елорда | Маскат | ||||
Ірі қалалары | Маскат | ||||
Үкімет түрі | Абсолюттік монархия | ||||
Сұлтан | Хейсам бен Тарық | ||||
Мемлекеттік діні | ислам | ||||
Географиясы | |||||
Жер аумағы • Барлығы |
Әлем бойынша 70-ші орын 309 500 км² | ||||
Жұрты • Сарап (2016) • Санақ (2010) • Тығыздығы |
4 424 762 адам (132) 2 773 479[1] адам 15 адам/км² (214-ші) | ||||
Экономикасы | |||||
ЖІӨ (АҚТ) • Қорытынды (2018) • Жан басына шаққанда |
198,224 млрд.[2] $ (67-ші) 46,522[2] $ (23-ші) | ||||
ЖІӨ (номинал) • Қорытынды (2018) • Жан басына шаққанда |
81,682 млрд.[2] $ (66-шы) 19,170[2] $ (43-ші) | ||||
АДИ (2017) | ▲ 0,821[3] (өте жоғары) (48-ші) | ||||
Валютасы | оман риалы | ||||
Қосымша мәліметтер | |||||
Интернет үйшігі | .om | ||||
ISO коды | OM | ||||
ХОК коды | OMA | ||||
Телефон коды | +968 | ||||
Уақыт белдеулері | +4 |
Оманның көпшілік бөлігі таулы болып келеді. Оман шығанағының жағалауында Хаджар таулары (ең биік нүктесі – 3353 м) орналасқан. Климаты тропиктік, ыстық әрі құрғақ. Қаңтардағы орташа температурасы 21С, шілдеде – 32˚С. Шөл мен шөлейт жерлерге бейім өсімдіктер, тауларда шағын саванналар мен тропиктік ормандар өседі. Оманда араб қарақұйрығы, түлкі, қорқау қасқыр сияқты аңдар кездеседі. Жер қойнауы мұнай қорына бай.
Б.з.б. 4-мыңжылдықта Оманның теңіз жағалауларында порттар пайда болды. Б.з.б. 1-мыңжылдықтың басында елге Йеменнен қоныс аударған Ямани тайпалық бірлестігі үстемдік етті. Оманның теңіз жағалауларындағы аймағы б.з.б. 6 – 5 ғасырларда Ахемен әулетінің, кейіннен грек-македон мемлекеттері мен парсылардың билігінде болып, аса ірі теңіз сауда орталығынана айналды. 7 ғасырдың ортасында Араб халифатының құрамына кірді. 8 ғасырдың ортасынан 18 ғасырдың соңына дейін елде парсы, португал үстемдігі кезек-кезек орнап, олар әлсіреген кезде тәуелсіз имамат болды. Осы кезде елге Орталық Арабия түбегінен уахабшылар, кейіннен Англияның көмегіне сүйенген Египет билеушісі Мұхаммед Әли басып алды. Әр түрлі күштердің ықпалымен Оман аумағы 19 ғасырдың бас кезінде Оман имаматы, Маскат сұлтандығына (1891 – 1958 – британ протектораты) және Шарттық Оманға (1971 жылдан Біріккен Араб Әмірліктері) бөлшектенді. 1900 – 50 жылдары Оман имаматының көп бөлігі ағылшын әскерлері мен Маскат сұлтанының қарулы күштерінің бақылауында болды. 1970 жылы 9 тамызда Маскат сұлтаны Кабус бен Саид аль-Саид құрамында Маскат сұлтандығы мен Оман имаматы бар біртұтас Оман сұлтандығының құрылғанын жариялады. 1971 жылдың соңында Оман сұлтандығы Араб мемлекеттері Лигасы мен БҰҰ-ға қабылданды.
Оман – жедел дамып келе жатқан мұнай-газ өнеркәсібі бар ел. Мұнайдан түсетін пайданың мөлшері жылына 6 – 8 млрд. доллар шамасында. Экономикасының дәстүрлі саласы – қолөнер кәсібі (қару-жарақ жасау, тері илеу, мата тоқу). Кейінгі жылдары химия, мұнай өңдеу, цемент, тамақ, машина жасау, металл өңдеу кәсіпорындары салынды. Негізгі ауыл шаруашылық дақылдары – құрма мен темекі. Сондай-ақ тропиктік жемістер (банан, манго, папайя), пияз бен картоп, жүгері, бидай, қара бидай, африка тарысы – дурра өсіріледі. Көшпелі мал шаруашылығы сақталған (қой, ешкі, ірі қара мал, түйе). Құс шаруашылығы мен балық аулау да (ауланған балықтың 80%-ы экспортқа шығарылады) жақсы дамыған. Оманда темір жол жоқ. Сыртқа мұнай, түсті металдар, балық, ұн, жеміс-жидектер мен көкөніс шығарады. Ауыл шаруашылығы мен балық аулау саласында еңбекке жарамды халықтың 50%-ына жуығы қамтылған. Ұлттық табыстың жан басына шаққандағы жылдық мөлшері 8690 АҚШ долларына тең. Негізгі сауда серіктестері: Жапония, Корея Республикасы, Тайвань, Сингапур, Үндістан.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.