![cover image](https://wikiwandv2-19431.kxcdn.com/_next/image?url=https://upload.wikimedia.org/wikipedia/kk/thumb/f/f6/It_Chapter_Two_poster.jpg/640px-It_Chapter_Two_poster.jpg&w=640&q=50)
Ол: Екінші Тарау
2019 жылғы тылсым қорқынышты фильм / From Wikipedia, the free encyclopedia
«Ол: Екінші Тарау» (ағылш. It Chapter Two) — америкалық тылсым қорқынышты фильм, 2017 жылы шыққан «Ол» фильмінің жалғасы. Фильмнің екі бөлімі де Стивен Кингтің 1986 жылғы бір аттас романына негізделген. Фильмнің режиссері — Энди Мускетти, сценарий авторы — Гэри Доберман.
Ол: Екінші Тарау | |
It Chapter Two | |
![]() | |
Жанры | |
---|---|
Режиссёрі |
Энди Мускетти |
Продюсері |
Барбара Мускетти |
Сценарийдің авторы |
Гэри Доберман |
Басты рөлдерде |
Джеймс Макэвой |
Операторы |
Чекко Варезе |
Композиторы |
Бенджамин Уоллфиш |
Кинокомпания |
New Line Cinema |
Дистрибьютор | |
Ұзақтығы |
169 минут[1] |
Бюджеті | |
Кассалық түсімі | |
Мемлекет | |
Тілі | |
Шыққан жылы |
6 қыркүйек, 2019 |
Алдыңғы фильм | |
IMDb | |
http://www.it-movie.net/ |
2016 жылдың ақпан айында фильмнің екінші бөлімі туралы келіссөз жүргізілді. 25 қыркүйек 2017 жылы New Line Cinema және Warner Bros. Pictures фильмнің жалғасы кинопрокатқа 6 қыркүйек 2019 жылы шығатынын жариялады.[4] Сол кезде Гэри Доберман сценарий жазатыны, ал Энди Мускетти режиссер болатыны белгілі болды.[5]
Негізгі түсірілім 19 маусым 2018 жылы Pinewood Toronto Studios-та басталды және Порт-Хоуп, Ошава, Торонто локацияларында, және түсірілім 31 қазан 2018 жылы аяқталды.
Фильмнің екінші бөлімінің тұсаукесері 26 тамыз 2019 жылы Лос-Анджелес қаласындағы Regency Village театрында өткізілді. АҚШ-та бұл фильм 6 қыркүйек 2019 жылы шығарылды, ал Қазақстанда 5 қыркүйек 2019 жылы шығарылды. Бірінші бөлімі секілді бұл фильмде сыншылардан мадақ алды, әсіресе актерлік ойын, музыка және романға беріктілігі үшін. Дегенмен сыншылар алдыңғы өндіріске қарағанда аз өндіріске және қорқынышты атмосфераға аз тартылғанына сын айтты.[6]