![cover image](https://wikiwandv2-19431.kxcdn.com/_next/image?url=https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/8/85/Olga_Safronova_2017.jpg/640px-Olga_Safronova_2017.jpg&w=640&q=50)
Ольга Евгеньевна Сафронова
From Wikipedia, the free encyclopedia
Ольга Евгеньевна Блудова (тұрмысқа шыққан соң — Сафронова, 5 қараша 1991, Қарағанды) — қазақстандық жеңіл атлетші, Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері. 2012 жылы Лондонда өткен Олимпиада қатысушысы.
Өмірбаяны
![]() | |
![]() | |
Жеке мағлұматтар | |
---|---|
Туған күні | |
Туған жері | |
Азаматтығы | |
IAAF |
235579 және 14288586 |
Үздік нәтижелері | |
100 м |
11,09 |
200 м |
22,85 |
Марапаттар | ||
---|---|---|
Әйелдер жеңіл атлетикасы | ||
Азия чемпионаттары | ||
Күміс | Ушань 2015 | 200 м |
Алтын | Бхубанешвар 2017 | 4х100 м |
Күміс | Бхубанешвар 2017 | 100 м |
Қола | Бхубанешвар 2017 | 200 м |
Азия ойындары | ||
Алтын | Инчхон 2014 | 200 м |
Күміс | Инчхон 2014 | 4х100 м |
Қола | Инчхон 2014 | 100 м |
Қола | Джакарта 2018 | 4х100 м |
Жабық ғимараттағы Азия чемпионаты | ||
Күміс | Тегеран 2010 | 4×400 м |
Қола | Тегеран 2010 | 60 м |
Жекпе-жек және жабық ғимараттағы Азия ойындары | ||
Қола | Ашхабад 2017 | 60 м |
О.Е.Блудова Қарағанды қаласында дүниеге келген. Ольга ұзындыққа және биіктікке секіру секторынан бастады. Өзін бөгеулермен жүгіруден сынап көрді. Ақыр аяғында Юрий Иванович Маштаковтың жетекшілігімен спринтке келді.
Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы. Халықаралық «Өзбекстан кубогы» жарысында «А» тобында 2012 жылғы Олимпиаданың олимпиадалық нормативін орындады.
60 метрге жүгіру және эстафета бойынша 2010 жылғы жабық ғимараттағы Азия чемпионатының жүлдегері. 100 м қашықтықтағы қазақстандық рекордшы – 11,37 с.
2012 жылғы Олимпиадада 100 метрге жүгіруден 24-ші болды.
2013 жылы Мәскеуде өткен әлем чемпионатында 23,83 с нәтижесімен, жартылай финалға жолдама ала алмады.
Жеке өмірі
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің студенті.
Әкесі Евгений Блудов – жүргізуші. Анасы Ирина — бөгеулермен жүгіруші. Ағасы Максим Блудов биіктікке секірумен айналысады.
Күйеуі — әйгілі ұзындыққа секіруші Константин Сафронов[1].
Сілтеме
- Ольга Евгеньевна Блудова(қолжетпейтін сілтеме) Қарағанды облысы әкімдігінің порталында
- Принцесса спринта
Дереккөздер
- Мади Карамендин Ольга Сафронова: «Нам не хватает соревновательного опыта». sports.kz (21 маусым 2013).(қолжетпейтін сілтеме) Тексерілді, 15 қараша 2021.