2019 жылғы тылсым қорқынышты фильм From Wikipedia, the free encyclopedia
«Ол: Екінші Тарау» (ағылш. It Chapter Two) — америкалық тылсым қорқынышты фильм, 2017 жылы шыққан «Ол» фильмінің жалғасы. Фильмнің екі бөлімі де Стивен Кингтің 1986 жылғы бір аттас романына негізделген. Фильмнің режиссері — Энди Мускетти, сценарий авторы — Гэри Доберман.
Ол: Екінші Тарау | |
It Chapter Two | |
Жанры | |
---|---|
Режиссёрі |
Энди Мускетти |
Продюсері |
Барбара Мускетти |
Сценарийдің авторы |
Гэри Доберман |
Басты рөлдерде |
Джеймс Макэвой |
Операторы |
Чекко Варезе |
Композиторы |
Бенджамин Уоллфиш |
Кинокомпания |
New Line Cinema |
Дистрибьютор | |
Ұзақтығы |
169 минут[1] |
Бюджеті | |
Кассалық түсімі | |
Мемлекет | |
Тілі | |
Шыққан жылы |
6 қыркүйек, 2019 |
Алдыңғы фильм | |
IMDb | |
http://www.it-movie.net/ |
2016 жылдың ақпан айында фильмнің екінші бөлімі туралы келіссөз жүргізілді. 25 қыркүйек 2017 жылы New Line Cinema және Warner Bros. Pictures фильмнің жалғасы кинопрокатқа 6 қыркүйек 2019 жылы шығатынын жариялады.[4] Сол кезде Гэри Доберман сценарий жазатыны, ал Энди Мускетти режиссер болатыны белгілі болды.[5]
Негізгі түсірілім 19 маусым 2018 жылы Pinewood Toronto Studios-та басталды және Порт-Хоуп, Ошава, Торонто локацияларында, және түсірілім 31 қазан 2018 жылы аяқталды.
Фильмнің екінші бөлімінің тұсаукесері 26 тамыз 2019 жылы Лос-Анджелес қаласындағы Regency Village театрында өткізілді. АҚШ-та бұл фильм 6 қыркүйек 2019 жылы шығарылды, ал Қазақстанда 5 қыркүйек 2019 жылы шығарылды. Бірінші бөлімі секілді бұл фильмде сыншылардан мадақ алды, әсіресе актерлік ойын, музыка және романға беріктілігі үшін. Дегенмен сыншылар алдыңғы өндіріске қарағанда аз өндіріске және қорқынышты атмосфераға аз тартылғанына сын айтты.[6]
Бірінші бөлімнің оқиғасынан 27 жылдан кейін Мэн штатындағы Дерри қаласында орналасқан көңіл көтеру саябағында бір топ гомофобтар ер кісіні және оның жігітін сабап, жігітін көпірден лақтырып жібереді, ер адам жігітіне судан шығуға көмектесу үшін төмен түскенде оның жігітін Пеннивайз тістеп өлтіргенін өз көзімен көреді, сол кезде түнгі аспанға мыңдаған қызыл шарлар көтеріледі. Кітапханада отырған Майк Хэнлон болған оқиғаны радиодан естіп оқиға болған жерге асығады. Өлім орнына жетіп, анық-қанығын анықтаған соң «Ол» қайтадан оралғанын түсінеді, және бала күнгі достары Билл Денброны, Бен Хэнскомды, Беверли Маршты, Ричи Тозиерді, Эдди Каспбракты және Стэнли Уристі бала күнгі уәделерін орындауға, яғни 27 жыл бұрын «Ол» қайтадан оралса, оны қайтадан өлтіруге берген уәделерін орындау үшін Дерриге шақырады. Басқалары Дерриге бара жатқанда, Стэн қоңырауды қабылдағаннан кейін күңгірт естеліктерімен өз-өзіне қол жұмсайды. Бейбақтар кешкі ас басында кездеседі, оларды галлюцинациялар басып, Стэннің өз-өзіне қол жұмсағанын білмес бұрын, Майк оларға естеліктерін жаңартады.
Беверли егер олардың 27 жыл бұрын берген уәделерін орындамаған жағдайда барлығын өлім күтетіні жайлы өзінің алдында көрген экстрасенстік болжамын айтудан бұрын Ричи мен Эдди кетіп қалуға шешім қабылдайды. Осы уақытта әкесін өлтіргені үшін қамауға алынған Генри Бауэрс жындыханадан Пеннивайздың көмегімен қашып кетеді, және ол бейсбол ойынында кішкентай қызды өлтіреді. Майк Биллға үнділік "Chüd Рәсімі" «Ол»-ды мәңгілікке тоқтата алатыны жайлы есірткімен келген көріпкелділігін айтады.
Өздерінің ескі клубына бара жатқанда және Стэннің душқа арналған бас киімін тауып алғанда, Майк бұл рәсім олардың өткенінен алынған заттарды құрбандыққа шалуды талап ететінін түсіндіреді. Беверли қазір қарт әже тұрып жатқан өзінің ескі үйіне барады, Беннің махаббат хатын тауып алады, әлі де Билл оны жазғанына сенеді, қарт әженің Пеннивайз екенін білгенде үйден қашып шығады. Бен балалық шақта Пеннивайзды мектепте кезіктіргенін есіне түсіріп, оның артефактісі - әмиянында сақтаған Беверлидің жылнамалық парағы екенін түсінеді. Ричи және Эдди өздерінің артефактілерін алып кетеді: аркададан жасалған жетон және ингалятор. Эддиге қоқаң-лоққы жасамас бұрын Пеннивайз Ричиге қарсы тұрады және оның жыныстығын мазақтайды, бірақ Эдди Пеннивайзға қарсы тұрғанда, Пеннивайз кішірейіп, қашып кетеді.
Билл өзінің бала күнгі велосипедін тауып алады және Джорджи қайтыс болған кәрізден қағаз қайықты алып шығады. Ол Дин есімді баланы кезіктіреді, Дин кәрізден дауыстар еститінін айтады. Кейінірек Динді аңдып келе жатқан «Ол»-дан хабарлама алады. Ол Динді құтқару үшін көңіл көтеру саябағына қарай жүгіреді. Билл Динға ескерту үшін бүкіл көңіл көтеру саябағын аралап жүгіреді, бірақ кешігеді, және бала қатты азап шегіп өледі. Генри Бейбақтар отелінде Эддиді, сосын Майкты кітапханада өлтіруге тырысады, бірақ Ричи оны өлтіреді. Бейбақтар Нейболт Үйінде Биллиге қосылады, және оны «Ол»-мен жалғыз кездесуден айнытады.
Variety-дағы сұхбатында режиссер Энди Мускетти көпшіліктің реакциясын көру үшін екінші фильмдегі жұмыстан үзіліс жасауды ұйғарғанын айтты, өйткені ол түпнұсқаға адал болғысы келетінін және «Ол» фильмінің жаңа нұсқасында 1990 жылғы ABC телевидение фильмінен гөрі қан әлдеқайда көп болатынын айтты.[7][8]
Режиссер фильмнің екінші бөлімі оқиғаларды 27 жылға алдыға жылжытатынын және түсірілімнің шамамен басталу күнін айтты.[9]
Негізі біз сиквел түсірерміз. Жоспар бойынша, екінші бөлімнің сценариі қаңтарда бізде болады. Мінсіз жағдайда біз түсірілімге дайындықты 2018 жылдың наурыз айында бастаймыз. Бірінші бөлім тек балаларға қатысты. Екінші бөлімі осы кейіпкерлердің 30 жылдан кейінгі жағдайын айтады. Фильмде олардың бала кезіндегі, 1989 жылы туралы естеліктерімен флэшбектер болады.[10][11]
17 қыркүйек 2017 жылы билейтін клоун Пеннивайзды ойнаған актер Билл Скарсгорд оның өткен шақта болған оқиғалары туралы көріністерді студия түсіріп қойғанын айтты. Скарсгорд хабарлағанындай фильмнің алғашқы нұсқаларының бірінде 1600-ы жылдардағы флэшбек сәті бар. Актер кейіпкерді клоунның гримінде ойнаған жоқ. Бұл шағын қойылымда Пеннивайздың шығу тегін көрсеткен. Актер айтқандай, бұл қойылым құбыжықтың Жерде көптеген жылдар бойы өмір сүріп келгенін көрсетеді. Бұл сәт бірінші бөлімнен алып тасталынған, бұл сәт режиссерлік басылымда немесе екінші бөлімінде пайда болуы мүмкін. Variety порталы, Кэри Фукунаги жасаған «Ол»-дың алғашқы сценариінде осындай қойылымның болғанын қосты. Ода Пеннивайз 1800-ы жалдары пианинода ойнап, балаларды жалмап жатты.
«Ол» фильмінің екінші бөлімінің түсірілімі 20 маусым 2018 жылы басталып, 31 қазан 2018 жылы аяқталды.
# | Атауы | Ұзақтығы |
---|---|---|
1 | «27 Years Later» | 2:06 |
2 | «Memory» | 1:40 |
3 | «Come Home» | 2:24 |
4 | «I Swear, Bill» | 1:30 |
5 | «Beverly Escapes» | 2:21 |
6 | «Henry Bowers» | 1:21 |
7 | «Firefly» | 3:09 |
8 | «Losers Reunited» | 0:52 |
9 | «Echo» | 1:44 |
10 | «Fortune Cookies» | 2:11 |
11 | «You Knew» | 1:49 |
12 | «The Library» | 2:07 |
13 | «Shokopiwah» | 3:29 |
14 | «The Barrens» | 1:21 |
15 | «The Clubhouse» | 3:48 |
16 | «Perfume» | 2:36 |
17 | «Mrs. Kersh» | 1:47 |
18 | «Miss Me, Richie?» | 1:24 |
19 | «Dirty Little Secret (feat. Pennywise)» | 1:21 |
20 | «Silver Bullet» | 1:54 |
21 | «Why Georgie?» | 3:45 |
22 | «Your Hair Is Winter Fire» | 3:20 |
23 | «Eddie and the Leper» | 1:50 |
24 | «Festival Pursuit» | 1:06 |
25 | «Hall of Mirrors» | 2:14 |
26 | «Bar Mitzvah» | 1:36 |
27 | «Bowers Attack» | 1:19 |
28 | «Back to Neibolt» | 2:50 |
29 | «Home At Last» | 1:29 |
30 | «It's Stan» | 2:03 |
31 | «This Is Where It Happened» | 2:03 |
32 | «The Place of It» | 1:57 |
33 | «Artifacts» | 3:10 |
34 | «The Ritual of Chüd» | 2:04 |
35 | «Very Scary» | 1:39 |
36 | «Scary» | 1:31 |
37 | «Not Scary At All» | 1:25 |
38 | «You Lied and I Died» | 2:55 |
39 | «My Heart Burns There Too» | 2:30 |
40 | «Spider Attack» | 3:28 |
41 | «You're All Grown Up» | 5:24 |
42 | «Neibolt Escape» | 1:36 |
43 | «Nothing Lasts Forever» | 4:18 |
44 | «Goodbye» | 0:54 |
45 | «Stan's Letter» | 4:18 |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.