From Wikipedia, the free encyclopedia
Ойқарағай көмір кен орны – Алматы қаласынан шығысқа қарай 300 км жерде, Алматы облысы Райымбек ауданының Қытаймен шекаралас бөлігіндегі таулы өңірде орналасқан. Кен орны 1931 жылы ашылған. Іздеу, барлау жұмыстары 1943–1948 жылы жүргізілді.
Ойқарағай көмір кен орны | |
43°11′31″ с. е. 80°35′45″ ш. б.43.19194° с. е. 80.59583° ш. б. (G) (O) (Я) | |
Ел | Қазақстан |
Аймақ | Алматы облысы |
Ашылған уақыты | 1931 жыл |
Көмір маркасы | Б3 |
Теңгерімдік қорлары | 80 млн т |
Өңдеу әдісі | ашық тәсіл |
Көмірлі қабаттардың жасы ортаңғы юра кезеңіне жатады, қалыңдығы 45 – 110 м. Бұл қабаттар ендік бағытта созылған моноклин құрылым жасайды.
Құрылымның ұзындығы 8 км, ені 2 – 3 км. Тау жыныстары оңтүстік және оңтүстік-шығысқа қарай 3 – 5 км еңістенген. Көмірлі қабаттар өзендердің тілімдеуінен Батыс, Орталық, Шығыс бөлікшелерге жіктелген. Олардың ішінде Батыс бөлікшесі өнеркәсіптік мәнге ие. Мұнда шағын кеніште жергілікті тұрмыс қажетін өтейтін көмір өндіріледі. Көмір қабатының қалыңдығы 4,5 м-ден 23,5 м-ге дейін, құрылысы қарапайым.
Көмірі қоңыр (Б3), күлділігі төмен (6 – 16%), қызуы жоғары (жанғыш массаның жылу бөлгіштігі 5,4 – 7,9 мың ккал/т), күкірттілігі төмен, ауада жеңіл уатылады. Кен орнының қоры 80 млн. тонна, оның 41 млн. тоннасы ашық тәсілмен өндіруге қолайлы. Қоңыр көмір қоры бойынша Ойқарағай көмір кен орны Қазақстанның оңтүстік облыстарындағы ірі кен орындарының біріне жатады.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.