![cover image](https://wikiwandv2-19431.kxcdn.com/_next/image?url=https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/1/1b/Caspian_Sea_from_orbit-NoRedLines.jpg/640px-Caspian_Sea_from_orbit-NoRedLines.jpg&w=640&q=50)
Ойпат
From Wikipedia, the free encyclopedia
Ойпат, ойпатты жазық — ой, ойпаң жазық, мұхит деңгейінен есептегенде 200 м биіктікке дейін орналасқан, құрлықтағы айтарлықтай кеңістік алып жатқан жазық үлескісі (телімі).[1] Ойпаттың беткі жазықтығы теңіз деңгейінен төмен орналасқан түрлері де ұшырасады (Мысалы, Каспий маңы ойпаты).[2]
![A.](http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/1/1b/Caspian_Sea_from_orbit-NoRedLines.jpg/640px-Caspian_Sea_from_orbit-NoRedLines.jpg)
Ойпаттың жер беті жазық, төбешікті келеді. Қыраттарға қарама-қарсы бедер түрі. Негізінен, горизонталь жайласқан борпылдақ тау жыныстарының қабаттарынан тұрады. Ойпат[3] тектоникалық жолмен пайда болған теңіз және құрлық шөгінділерінен түзілген. Жер шарындағы едәуір ірілері: Амазонка, Атлант маңы, Үнді-Ганг, Тұран ойпаттары, Батыс Сібір ойпаты, т.б. Тауаралық ойпатқа Алтай тауындағы Шу ойпаты және Абай даласы, Кура-Аракс ойпаты; теңіз деңгейінен төмен жатқан ойпатқа Каспий маңы ойпаты (–28 м) жатады. Адамдардың теңіз жағалауын құрғатудан пайда болған Нидерланд ойпаты бар.[4][5]