From Wikipedia, the free encyclopedia
Коши Огюстен Луи (фр. Augustin Louis Cauchy; 21 тамыз 1789, Париж — 23 мамыр 1857, Со, Франция) - атақты француз ғалымы, инженер, XIX ғасыр ұлы математигі. Математикалық талдаудың негізін салушы.[1]
Коши 800 аса еңбек жазған, толық шығармалары 27 томды құрайды. Оның еңбектері математиканың әр түрлі (негізінен математикалық талдауға) және математикалық физикаға қатысты.
О. Л. Коши алғашқы болып математикалық талдаудың негізгі ұғымдары — шекке, үзіліссіздікке, туынды, дифференциалға, интеграл, қатарлардың жинақтылықтарына және т. т. нақты анықтама берді. Оның үзіліссіздік анықтамасы өзі ерекше мән берген шексіз кішкене ұғымына арқа сүйеген: Коши бойынша шексіз кішкене — нөлге ұмтылатын айнымалы шама. Өатардың жинақталу радиусы ұғымын енгізді.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.