Объектіге-бағытталған бағдарламалау
From Wikipedia, the free encyclopedia
Объектіге-бағытталған бағдарламалау (орыс тілі Объектно-ориентированное программирование; ағыл. Object-orinted programming) — объектілерді қолдану арқылы бағдарламалау парадигмасы, объектілік-бағдарланған архитектурасы пайдаланады. Мәліметтердің әрбір құрылымы тек бір программалық модульде тұруы тиіс. Бұл мәліметтер құрылымындағы өзгерістердің және мәліметтермен орындалатын әрекеттердің оңашалануына кепілдік береді. Мәліметтерге кез келген қатынас құру тек модульді пайдалану арқылы болады. Объектілік-бағдарланған программалау негізгі 3 қасиетімен: инкапсуляцияларымен, мұрагерлігімен және полиморфизмімен сипатталады. Объект ұғымы дәстүрлі Паскаль, Си процедуралық-бейімделген программалау тілдеріне де енгізіледі.[1]
Кіріспе
Объектіге-бағытталған бағдарламалау – объектілердің көмегімен бағдарламаларды жобалау, жазу. Объектіге-бағытталған бағдарламалаудың негізі болып объект саналады. Объект деп – мәліметтер және олармен жұмыс істеу әдістерінің жиынтығы аталады. Объектіге-бағытталған бағдарлама деп – объектілер және олардың өзара әрекеттесу тәсілдерінің жиынтығы аталады.
- Полиморфизм;
- Инкапсуляция;
- Мұрагерлік.
Полиморфизм - бір иерархиядағы объектілер үшін бір атаумен берілген әдістерді қолдану мүмкіндігі.
Инкапсуляция - бір объектілік типте мәліметтерді біріктіру.
Мұрагерлік - бір класстың мінездемелерін басқа класс арқылы қолдану мүмкінідігі.
Тағы қараңыз
Дереккөздер
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.