From Wikipedia, the free encyclopedia
Нұрыстандықтар (парсы: نورستانی) — Ауғанстанның солтүстік-шығыс таулы аймақтарында, Шығыс Гиндукушта, Башгал, Вайгал, Парун, Пир, Алингар өзендерінің аңғарларында, сондай-ақ Пәкістанның шекаралас аудандарында (Читрал) тұратын туысқан халықтар тобы. Саны 150 мыңға жуық адам, оның ішінде Ауғанстан аумағында 140 мың адам.[1][2][3][4]
Нұрыстандықтар | |
парсы: نورستانی | |
Бүкіл халықтың саны | |
---|---|
150 000 | |
Ең көп таралған аймақтар | |
Тілдері | |
Нұрыстан тілдері | |
Діні | |
Үнді-иран тобының тілдерінде сөйлейді.[5]
Дінге сенушілер - сүнниттік мұсылмандар мұсылмандар.[6]
Ертеде Нұрыстан (Капиша) буддалық Шахи әулетіне (3-9 ғғ.) бағынып, дамыған мал шаруашылығымен (ешкі, жылқы) белгілі болған. Ғазнауилер тұсында бұл аймақ Кафиристан деп аталды. 1896 жылы Нұрстанды әмір Абдуррахман жаулап алып, ислам дінін қабылдады, аймақ Нұристан деп аталды. Нұристанның бір бөлігі Пәкістанның солтүстік-батысына көшті. 1979–89 жылдардағы Ауғанстан қақтығысында Нұрстан моджахедтердің (Ислам революциялық мемлекеті) қарсыласу орталықтарының бірі болды. 2001 жылы Нұристан жергілікті өзін-өзі басқаруы бар жеке әкімшілік бірлікке айналды.[7]
Ерлердің негізгі дәстүрлі кәсібі мал шаруашылығы (ұсақ мал, негізінен ешкі), әйелдер – егіншілік (арпа, тары), мал азығы өндіру. Бау-бақша (алма, өрік), жүзім шаруашылығы, ара шаруашылығы, жабайы жемістер мен жидектерді жинау, қолөнер де дамыған.[8]
Олар тайпалық жіктелуді сақтайды: Ауғанстанда кати, вайгали, ашкуни, паруни т.б. тайпалары, Пәкістанда - калаша, сондай-ақ дамели және пхалури диалектілерінде сөйлейтін тайпалар белгілі. Мәдениеті жағынан нұристандықтар ауғандар мен памир тәжіктеріне жақын.
Осы уақытқа дейін Нұрыстан ауылдарында ежелгі пұтқа табынушылық салт-жоралғыларын орындап жүрген адамдарды көруге болады. Ислам дінін ұстанатын нұрыстандықтар да намаз кезінде ата-баба нанымынан келе жатқан көне билер мен әндерді қолданады. Нұрыстанда үйлену тойлары мен ірі мерекелер ислам діні қабылданғанға дейін қалай тойланса, әлі де солай тойланады. Мұсылмандар нұрыстандықтарды өз сенімін қабылдауға мәжбүрлегенімен, бұл халықтың қоғамдық өмірінде көрініс таппады. Нұрыстанның таулары мен аңғарларында исламға дейінгі көптеген дәстүрлер әлі де бар.[9]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.