From Wikipedia, the free encyclopedia
Нұрбанк — қазақстандық бөлшек банкі.
«Нұрбанк» АҚ | |
Түрі | |
---|---|
Лицензия |
№1.2.15/193 ҚНРДА берген (2020 жылғы 3 ақпан) |
ДСЖ-ға қатысуы |
Иә[1] |
Биржадағы листингі | |
Құрылған жылы |
1992 |
Орналасқан жері | |
Басты адамдары |
Гүлнар Абайқызы Мұсатаева (басқарма төрайымы) |
Жарғылық капиталы | |
Меншікті капиталы |
▲ 47,1 млрд ₸ (1 қаңтар 2023)[2] |
Активтері |
▼ 465,1 млрд ₸ (1 қаңтар 2023)[2] |
Таза табысы |
▲ 5,6 млрд ₸ (1 қаңтар 2023)[2] |
Қызметкерлер саны |
2400 адам (2017)[3] |
Еншілес компания |
«Money Experts» АҚ, «Нұр Лизинг» ЖШС, «NB» КАБҰ» ЖШС[4] |
Аудитор |
Grant Thornton |
Қазіргі банктың дерекнамасы | |
Сайты |
2018 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 17 аймақтық филиалы және 89 әмбебап банктік қызмет көрсету орталығы бар.[5]
2018 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 84,4% қатысу үлесі бар ірі акционер «JP Finance Group» ЖШС болды. Соңғы акционері Эльдар Сәрсенов.[6]
Директорлар кеңесінің төрайымы — Раушан Зейноллақызы Ержанова. Басқарма төрайымы — Гүлнара Абайқызы Мұсатаева.
1992 жылы 3 тамызда Нұрбанк Атырауда қаржылық қызметін бастады және сол қалада 2003 жылға дейін қызмет етті. 11 жылдан кейін бас филиал Алматыға көшті.[7][8]
2007 жылы 4 қыркүйекте басқарманың жаңа төрағасы болып Нұрмұхамед Бектемісов сайланды.[9]
2007 жылдың 22 қаңтарында басқарманың жаңа төрайымы болып Гүлмира Джумадиллаева сайланды.[10]
2007 жылдың қаңтар айының соңында Нұрбанк топ-менеджерлері Жолдас Тимралиев пен Айбар Хасенов жоғалып кетті.[11] Нұрбанк ірі акционері Рахат Әлиев мүлікті бопсалау мақсатында ұрлау ісі бойынша күдікке ілінді.[12] 2007 жылы 9 қарашада сот басталды, нәтижесінде Рахат Әлиев сырттай 20 жылға бас бостандығынан айырылды.[13] Бірнеше жылдан кейін Тимралиев пен Хасеновтің мәйіттері табылды.[14]
2009 жылдың 2 наурызында басқарманың жаңа төрағасы болып Марат Заиров сайланды.[15]
2012 жылдың 13 ақпанында Нұрбанк басқарма төрағасы болып Мұхтар Ыдырысов сайланды.[16][17]
2013 жылдың 20 наурызында Нұрбанк басқарма төрағасы болып Қаңтар Бекаралұлы Орынбаев сайланды.[18]
2015 жылғы 4 тамызда банктің басқарма төрағасының міндетін атқарушы Сәкен Ахметовке жүктелді.[19]
2015 жылдың 30 қарашасында Эльдар Сәрсенов Нұрбанк басқарма төрағасы болып сайланды.[20][21]
2021 жылдың соңында банкті Гүлнар Мұсатаева басқарды. Ол банктің ірі акционері мәртебесін алуына байланысты қызметінен кеткен Эльдар Сәрсеновті ауыстырды.[22]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.