Нүктелі үтір
From Wikipedia, the free encyclopedia
Нүктелі үтір (;) - жазуда пайдалынатын тыныс белгілерінің бірі. Негізінен, жай сөйлемдердің арасына қойылады. Бұл белгіні қоюда сөйлемнің құрылысы мен мағынасы негізге алынады. Нүктелі үтірді сөйлемнің құрылысына қарай қойғанда, құрмаласқа енген жай сөйлемдер баяндауыштарының тұлғалық жағынан және жасалу жолдары жағынан сәйкестілігі, бірыңғайлығы, тепе-теңдік тиянақтылығы ескеріледі.
- Мысалы: Шинель әрі тар, әрі ықшам: астына салса, үстіне жетпейді; үстіне жапса, астына салуға жетпейді; басына жастануға қалмайды; жатса, жанбасына салуға жетпейді; жата қалса, жанбасына жер батады. ("Ә және И")
;
|
---|
дәйекше ( ’ ' ) |
Сөз аралық бөлу |
бос орындар ( ) ( ) ( ) |
Жалпы типографика |
«және» таңбасы ( & ) |
Жалпы емес типографика |
көп жұлдызша ( ⁂ ) |
Нүктелі үтірді қоюда сөйлемнің мағынасы негізге алынады дегенде, баяндауыштары біркелкі тұлғалы жай сөйлемдердің мағыналары әрі өзара жақын, әрі тәуелсіз болатындығы және оларды жеке-жеке сөйлем еткенде мағынаға нұқсан келмейтіндігі ескеріледі. Мәселен, жоғарыда келтірілген сөйлем құрамынан нүктелі үтірмен бөлінген сөйлемдерді дербес қалпында жеке-жеке қолдануға болады, және одан мағынаға нұқсан келмейді.