Ноам Чомски
From Wikipedia, the free encyclopedia
Аврам Ноам (Нoум) Хомский (көбінесе "Хомский" немесе "Чомский"деп транскрипцияланады, ағылш. Avram Noam Chomsky, 07 желтоқсан 1928(19281207), Филадельфия, Пенсильвания) — америкалық тіл білімі маманы, философы, саяси қайраткері, жазушысы және лекцияшысы. Ол Массачусетс технология институтында институт профессоры және тіл білімінің құрметті профессоры (емеритус профессоры).
Ноам Чомски | |
Avram Noam Chomsky | |
Жалпы мағлұмат | |
---|---|
Туған күні |
7 желтоқсан 1928 (1928-12-07) (95 жас) |
Туған жері | |
Азаматтығы | |
Шығармашылығы | |
Шығармалардың тілі | |
Бағыты |
Батыс пәлсапасы |
Кезең | |
Негізгі қызығушылығы | |
Негізгі пікірі |
тудырушы грамматика, әмбебап грамматика, түрлендіруші грамматика, government and binding, Чомски иерархиясы, контекстен тыс грамматика, principles and parameters, лингвистикалық минимализм, тіл үйрену құрылғысы, Chomsky Normal Form, propaganda model [1] |
Қолтаңбасы | |
http://chomsky.info |
Чомски 20-шы ғасырда тіл білімі саласында жасалған ең маңызды жетістіктердің бірі болып саналатын тудырушы грамматика теориясын ұсынған. Ол Б. Ф. Скиннердің Verbal Behavior атты кітабына рецензия жазу арқылы когнитивті революцияға бастау берді. Рецензиясында ол 1950-ші жылдары кең тараған мінез-құлық пен пен тілге деген бехавиористік көзқарасты сынға алды. Оның тілді зерттеуге деген натуралистік көзқарасы тіл және сана философиясына әсер етті. Ол формалды тілдерді тудырушы күші бойынша сұрыптайтын Чомски иерархиясын да ұсынды.
1992 жылғы Arts and Humanities Citation Index («Өнер және гуманитарлық ғылымдардағы дәйексөздер көрсеткіші») индексінің мәліметі бойынша, 1980-1992 жылдар аралығында көзі тірі ғалымдардың ішіндегі ең көп рет сілтемелер алған — Чомски және оның еңбектері. Ал жалпы сілтеме жасалу саны жағынан Чомски тарихтағы сегізінші ғалым.[2][3][4]
1960-шы жылдары Вьетнам соғысын сынай бастауы арқылы ол әсіресе кең танымалдылыққа ие бола бастады. Ол АҚШ саяси қайраткерлерінің солшыл бөлігіндегі ең маңызды зиялы тұлға болып есептеледі. Чомски өзінің саяси белсенділігімен және АҚШ үкіметінің халықаралық саясатын сынауымен кеңінен белгілі.