From Wikipedia, the free encyclopedia
Нил Патрик Харрис - 1973 жылы 15 маусымда дүниеге келген американдық актер, әнші және иллюзионист. «Алтын глобус» және «Тони» мен Эмми жүлделерінің иегері.
«Мен сіздің мамаңызбен қалай кездестім» телесериалындағы Барни Стинсон рөлімен әйгілі. 2011 жылдың қыркүйегінде Харриске Голливудтағы Мәртебе Аллеясында жұлдыз берілді. Харрис Альбукеркте туып, Руидозо, Нью-Мексикода өзінің балалық шағын өткізген. Нил төртінші сыныптан бастап мектеп театрында түрлі рөлдерді ойнаған, мысалы «Ақық қаласының сиқыршысы» қойылымында Тотошка рөлі. 1991 жылы ол Cueva High School мектебін бітірді. Оның ата-анасы, Рон және Шейла 1988 жылы Альбукеркке көшті. Дәл сол жылы Харрис «Purple People Eater» (1988) және «Clara’s Heart» (1988) фильмдерінде түскен. Жыл өткеннен кейән Нилді «Doogie Howser, Медицина Дәрігері» (1989) телесериалына Жасөспірім дәрігер рөлін ойнауға шақырады.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.