From Wikipedia, the free encyclopedia
Никотин — өсімдіктердің Solanaceae тобында кездесетін алкалоид. Көбiнес темекіде, аз мөлшерде қызанақтарда, картопта, кәдiде болады. Сонымен бiрге никотин алкалоидтары көкi жапырақтарында кездеседі. Никотин табакта 0,3-5% мөлшерінде болады. Никотин биосинтезі тамырда, жиналуы жапырақтарда жүреді. Никотин — қатты әсер ететiн күші бар нейротоксин және кардиотоксин. Әсіресе жәндіктерге әсері қатты. Бұған дейін никотин инсектицид есебінде кең қолданылды, ал дәл қазiр никотинның туындыларын қолданылубелең алуда. Мысалы — имидаклоприд.
Никотин — латынша Nicotiana tabacum деген атаудан пайда болған. Бұл атау — Франция елшiсi Жан Никоның құрметіне қойылған. Ол 1560 жылы Екатерина Медичиге табакты мигрень ауруының емі ретінде ұсынып, беріп жіберген. Никотинді табактан айырып шығарған химик Посселтом мен Райман. Олар 1828 жылы осы жаңалықты ашқан. Оның химиялық эмпирикалық формуласы 1843 жылы Мельсенсом сипаттады. Никотин тұңғыш рет 1893 жылы А.Пиктет пен Крепьёлер синтездеді.
Никотин — жағымсыз иісі бар сумен оңай араласатын ылғал тартқыш, майлы зат. Ащы дәмі бар. Амин ретінде никотин қышқылдармен әрекеттесіп қатты, суда ерігіш тұздар түзеді. Никотин терi арқылы денеге оңай кiредi. Негiзi никотин қайнау температурасы төмен температурада жанады. Қысымы аз болса да,оның булары 95 C-де ауада тұтанады. Осы себептен, никотинның көп бөлiгi шылымды шегу кезінде жанып кетедi. Алайда, қалған никотиннің өзі, тиiстi эффектті беруі үшін жеткiлiктi.Никотин тотығып, PP витаминың оңай түзеді. Дегенмен, адам организмінде мұндай тотығу үшiн қажеттi ферменттер жоқ. Қас шылым шегушілердің өзі бұл витаминның кемшiлiгiнен салдарынан зардап шеге алады.
Никотин организмге түсе сала қан арқылы бүкіл денеге таралады. Орташа есеппен 7 секунд никотиннің миға жету үшiн жеткiлiктi. Организмнан никотиннен жартылай шығаруы мерзiмі екi сағаттың көлемін құрайды. Темекi түтiнiмен тартылатын никотиннің көп бөлiгi жанып кетедi. Организмнің никотинды қабылдауының сапасы түрлі факторлардың жиынына байлнасысты: табактың түріне, фильлтдың барлығына т.б. Сағыз және иіскеуге арналған табактардың ағзаға кіргізетін никотині әлдеқайда көп. Никотин P450 цитохромасы ферментi арқылы денеге таралады. Негiзгi метаболитi - котинин.
Никотин шыбын-шiркейлер және жылықанды жануарлар үшiн өте улы. Нейротоксин ретінде жүйке жүйесiнкері әсер етеді(тыныстың тоқтауы, өлiм). Адам үшiн өлiммен аяқталар орташа доза - 0,51 мг/кг, егеуқұйрықтар үшiн - 140 мг/кг, тышқандар үшiн - 0, 8 мг/кг, тамырға егізілер боолса 5, 9 мг/кг. Салыстырулар үшiн айта кетейік: бұл көрсеткiштер цианды қалций үшін шамамен үш есе жоғары. Никотинның көп қолданыдуы қолдануы физикалық және психикалық тәуелдiлiкке ұшыратады. Никотинді ұзақ қолдану мұндай ағза дисфункциясына алып келеді. СОнымен қатар ишемия, жүректiң ишемия ауруы, жүрек мүкiсi және миокард инфарктi, стенокардия, ырғақсыздық, тахикардия, атеросклероз, тамыр гипертониясы, асқазан және iшек аурулары, қанда қанттың көбеюi тағы басқа жағдайларға әкеліп соғады. Никотин шайырларының әсері түптің түбінде имотенцияға ұрындырады.
Күштi улағыштығы болғанымен, никотиннің аз мөлшердегі дозасын қолдануда жүйке стимуляторы есебінде жұмыс iстейдi. Адамның көңіл күйіне оның әсерi әр түрлi болады. Ол бауырдан глюкозаны және бүйрек үстi ми затынан адреналинынді бөлу арқылы ағзаны қоздырады. Ал адамда босаңдықтың сезiнулерi мен тыныштық , сонымен бiрге аздап - эйфориялық күймен сипатталады. Кейбiр адамжарда тәбеттiң төмендеуі мен метаболизмның үлкею дене массасының төмендетуiне әкеліп соғады
Шизофренияға шалдыққандарда шылымға әуестік ерекше байқлады. Бұл талпыныс антипсихотиктердің әсеріне қарсы ағзаның қарсы тұруға ұмтылуымен түсіндіріледі. Тағы бір болжам бойынша никотиннің шизофренияға ұрындырады-мыс[1][2][3][4][5][6][7][8].
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.