From Wikipedia, the free encyclopedia
Николя Поль Стефан Саркози де Надь-Боча (фр. Nicolas Sarkozy, толық аты Nicolas Paul Stéphane Sárközy de Nagy-Bócsa; 28 қаңтар 1955 жыл, Париж) — Францияның мемлекеттік және саяси қайраткері, Франция Республикасының 23-ші президенті, Бесінші Француз Республикасының 6-шы президенті. Президент лауазымы үшін Андорра мемлекетінің князь атағына ие болды және Ардақты легион орденінің ұлы магистры болып атанды. 2007 жылдың 6-шы мамыр күні президент болып сайланып, ал 16 мамырда Жак Ширактың орнына мемлекеттік басшы қызметіне тұрды.
Николя Саркози Nicolas Sarkozy | ||||
Лауазымы | ||||
---|---|---|---|---|
| ||||
16 мамыр 2007 жыл — 15 мамыр 2012 жыл | ||||
Ізашары | Жак Ширак | |||
Ізбасары | Франсуа Олланд | |||
| ||||
16 мамыр 2007 жыл — 15 мамыр 2012 жыл | ||||
Бірігіп басқарушы | Жоан Энрик Вивес-и-Сисилья | |||
Ізашары | Жак Ширак | |||
Ізбасары | Франсуа Олланд | |||
| ||||
1 шілде 2008 жыл — 1 қаңтар 2009 жыл | ||||
Ізашары | Янез Янша | |||
Ізбасары | Мирек Тополанек | |||
| ||||
31 мамыр 2005 жыл — 26 наурыз 2007 жыл | ||||
Ізашары | Доминик де Вильпен | |||
Ізбасары | Франсуа Баруан | |||
Өмірбаяны | ||||
Діні | католик | |||
Дүниеге келуі | 28 қаңтар 1955 (69 жас) Үлгі:ТуғанЖЕрі (Франция) | |||
Жұбайы | 1) Мари-Доминик Кюльоли (1982—1996) 2) Сесилия Сиганер-Альбенис (1996—2007) 3) Карла Бруни (2008 бастап) | |||
Балалары | ұлдары: Пьер және Жан (1-некеден), Луи (2-ден) қызы: Джулия (3-некеден) | |||
өңдеу |
«Oдақ халықтық қозғалыс үшін» (фр. Union pour un mouvement populaire, UMP) басқару партиясының лидері 2004 дан президент болғанына дейін, 1993-1995, 2002-2004 және 2005тен 2007-ге дейін Франция мемлекетінде министірлік қызметін атқарған. Және де таққа отырғанына дейін бас кеңес О-де-Сен департаментінің төрағасы болған.
Францияда «Сарко» (Sarko) деп танымалы, қолдаушылары да қарсыластары да осылай атайды.
Әкесі — Пал Надь-Боча Шаркёжь — дворян протестант, Будапештте туған (дворяндықты және елтаңбаны 1628 жылы император II Фердинанд бабасына он үш жылдық соғыста батырлық көрсеткені үшін берген). Әкесінде Сольнок қаласының жанында жерлері және астанадан 100 км ғашықтықта орналасқан Алаттьян (маж. Alattyán) орта ғасыр сарайы бар. Оның бабалары Сольнок муниципалитетінің мүшелері болған. 1944 жылы Кеңес әскері басқа келгенде жанұялары мемлекетті тастап кетті. Баден-Баденде Поль Саркози (атын ауыстырып алды) Француздық шетел легионға жазылды, бес-жылдық келісім-шартқа қол қойып Алжирда қызметін атқарды. Индокитайға барғысы келмегеннен, 1948 жылы демобилизацияланды. Француз азаматтығын алып, Марселде орналасты, кейін Парижға көшіп кетті. 1950 жылы Андре Маллаға (фр. Andrée Mallah) үйленді, Андре заң факультетіншң студенті, 17-ші париждық мықты округының танымал дәрігерінің қызы. Қыздың әкесі Бенедикт Малла (Benedict Mallah) Салониктан иммигрант болып келген еврей - сефард, кейін католиктікке ауысты. Анасы Адель Бувье — француз, Савойидан келген медбике. Поля Саркози және Андре Малланың үш балалары бар, олар Гийом (1951), Николя (1955) және Франсуа (1959).
1959 Андре Саркози күйеуімен ажырасып кетті, балаларын асырау үшін жоғарғы білім алып, адвокат маманы болды.
Николя Саркози өмірінің бірінші жылдарын ақсүйектердің арасында Париждың 16-шы округінде атасы - Бенедикта Малланың үйінде өткізді. Ағалары Гийома және Франсуаға қарағанда сабақтарын орташа оқыған, сол үшін кейбір кездерде әкесінен сөгіс алатын. Палдың жекеменшік жарнама агенттігі болғанымен өз балаларыны көмек етпеген. Саркозиға ең қатты әсер ететін атасы еді, атасы дін бойынша католик, ал саяси көзқарас бойынша — голлист. Жанұясы балалар француздық қоғам арасында ассимиляцияланғандарын қалады. Саркозидың айтқаны бойынша кішкентай кезінде ол ақша жетіспеушіліктен және әлсіз болғаны үшін қатты қиналған. Әкесі болмағандықтан және де осы қиыншылықтарды көргеннің арқасында бүгінгі осы қалпына келді деп сенеді.
Кейін 1973 жылы Бенедикт Малла қайтыс болған соң Саркози жанұясымен көрші Нёйи-сюр-Сен қаласына көшіп кетті.
Білімді жекеше католиктік мектепте алды. Мектепте орташа оқыды. 1973 жылы мектепті бітірді. 1978 жылы Париж X - Нантер Университетін бітірді және магистр дережесіне ие болды. Бітірген соң саяси ғылым Институтына түсіп, мемлекеттік құқық және саяси ғылым факультетінде оқыды, алайда дипломын алған жоқ. Адвокат болып жұмыс істеді.
Қазіргі кезде Саркози және соңғы жұбайы ұл сәбиді күтүде. Ол Саркозидың төртінші ұлы, ал Карланың екінші ұлы болады.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.