From Wikipedia, the free encyclopedia
Николай Александрович Добролюбов (1836-1861) - орыстың революцияшыл-ойшылы, материалист, сыншы, әдебиетші, философ-материалист, прогрессивті публицист. Тәрбие мен оқыту процесіне мынандай арнайы еңбектер жазған: «Тәрбиедегі беделдің маңызы», «Халықтық тәрбие туралы»
Николай Александрович Добролюбов | |
өңдеу |
Төмеңгі Новгородта қаладағы белгілі дін қызметшісінің отбасында дүниеге келген. (оның әкесі Мельников-Печерскийдің жасырын некесін қиған). Кішкентай кезінен бастап көп оқыған, өлеңдер жазған. Үйде жақсы дайындалып, рухани училищенің соңғы курсына төртінші сыныпқа қабыланады. Кейін төменгі қалалық рухани семинарияда оқиды. Сол кездегі оның оқытушыларының берген сипаттамаларының ішінде: «Тыныштығымен, қарапайымдылығымен және тіл алғыштығымен» ерекшеленеді, «құдайға қызмет етіп, өзін жақсы ұстай біледі» дейді. 1853 жылдың күзінде Рухани академияға түсу үшін берілген ұсынысының арқасында Добролюбов Петербургке жол жүріп, ол жердегі Басты педагогикалық институтқа оқуға түседі. 17 жасынан Петербург қаласында, басты педагогикалық институтта оқиды, фольклормен айналысып, 1854 жылдан бастап (әке шешесі қайтқаннан соң) радикалды антимонархиялық, антидіни және антикрепостнойлық көзқарастарды бөліп, бұл оның көптеген «крамольдық» шығармаларынан, сол кездегі өлеңдері мен прозаларынан, қолжазбалық студенттер журналынан орын тапты.
25 жасында туберкулез ауруынан қайтыс болған, өліміне дейін бір жыл бұрын шетелдерде емделіп, Еуропа бойынша саяхаттады. Өмірінің соңғы минутына дейін есті болған, көршілес бөлмеде амалсыз жағдайда Н. Г. Чернышевский отырған.
А. Я. Панаева естеліктері бойынша, өліміне дейін бірнеше күн бұрын Н. А. Добролюбов айтқан: «Ештеңе жасап үлгермедім деген оймен өлу қиын! Тағдыр мені осылай мазақ қылды! Маған өлімді ертерек жібермеді ме! Егер өмірім тағы екі жылға созылса бір жақсы нәрсе жасар едім! Ал енді ештеңе, ештеңе!»
Н. А. Добролюбов Волков зиратында жерленген.
Добролюбов өзінің қысқа өмірінде үлкен әдеби белсенділікпен айналысқан. Ол өте көп жазды. (замандастарының естеліктері бойынша ертерек дайындалған логикалық конспект бойынша ұзын лента түрінде сол қолының саусағына оратылған), Н. А. Некрасовтың «Современник» журналында тарихи және әдеби-сыншыл жұмыстармен бірге басылып шықты; оның жақын серіктесі және досы Н. Г. Чернышевский болатын. 1858 жылы бір жыл ішінде ол 75 мақала мен рецензияларды жарыққа шығарды.
Добролюбовтың кейбір шығармалары тірі кезінде де басылмай қалған.
Мақалаларының бірақатарында Добролюбовтың философиялық көзқарастары байқалды. Оның жүйесінің орталығында —мателиалдық әлемнің эволюциясының соңғы баспалдағы болып табылатын және табиғатпен гармонияда өмір сүретін адам. Ол адамдардың теңдігін адам табиғатының «қалыпты жағдайы» деп санады (руссоизмнің әсері), ал қанау — жойылу керек тұрақты емес құрылыстың нәтижесі деп түсінеді.
Добролюбов сонымен қатар поэт-сатирик, тапқыр пародист болған. Добролюбов-поэт «әшкерелеуші» қойылымында үш пародиялық бетперделер арқылы сахна төріне шықты. Ол шығарманы Конрада Лилиеншвагер жазған, австриялық «патриот» Яков Хам және «таңқаларлық лирик» Аполлон Капелькин. Добролюбов өте мықты өлеңдер жазды. Гейненің шығармаларын аударды. (ең әйгілісі «Нәзік досым, мен өліп барамын…» шығармасы).
• Григорьев А., Сочинения, т. I. (ст. «После „Грозы“ Островского»);
• Шелгунов Н., Глухая пора, «Дело», 1870, IV;
• Зайцев В., Белинский и Добролюбов, «Русское слово», 1864, кн. 1;
• Морозов П., Н. А. Добролюбов, «Образование», 1896, кн. XII;
• Протопопов М., Добролюбов, «Русская мысль», 1896, кн. XII;
• Котляревский Н. Канун освобождения. — П., 1916.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.