From Wikipedia, the free encyclopedia
Невиллс-Кросс түбіндегі шайқас (ағыл. Neville's Cross; 17 қазан 1346 жылы) — Жүзжылдық соғыс пен Шотландия тәуелсіздігі үшін соғыс шайқастарының бірі. Осы шайқаста шотланд әскерінің жеңіліске ұшырауы Дәуіт II-нің тұтқынға түсуі мен ұзақ уақытқа Шотландияны Жүзжылдық соғыстан шығарды.
Невиллс-Кросс түбіндегі шайқас | |||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Негізгі қақтығыс: Жүзжылдық соғыс | |||||||||
Невиллс-Кросс түбіндегі шайқас. Фруассардың «Хроникадағы» миниатюра. XV ғ. | |||||||||
| |||||||||
Қарсыластар | |||||||||
Шотландия | Англия | ||||||||
Басқарушылар | |||||||||
Дәуіт II | Ралф Невилл Генрих, 2-ші Перси бароны Уильям Ла Зуш | ||||||||
Қарсы күштер | |||||||||
шам. 12000 адам | шам. 11200 адам | ||||||||
Әскери шығын | |||||||||
елеулі | азғантай |
1345 жылы ағылшын әскерінің Галлоуэйге жорығы ұзаққа созылмаған ағылшын-шотланд бейбітшілігін бұзды. Сонымен бірге Франциямен соғыс қимылдары қайта жанданды: 12 шілде 1346 жылы Эдуард III-нің әскері Нормандияға келді. Франциямен одақтығына берік Шотландия патшасы Дәуіт II Англия жеріне басып кірді. Алайда Эдуард III күшейткен солтүстік Англияның қорғаныс жүйесі шотландықтарға айтарлықтай табысқа қол жеткізуге мүмкіндік бермеді. Дегенмен, 26 тамызда Креси түбіндегі шайқаста француз әскерінің жеңілісінің жағдайын ескеріп, шотланд патшасы елдегі магнаттардың басым көпшілігінен жаңа әскер құрып, солтүстік Англияға аттанды. Камберлендті тонап, шотланд әскері Даремге келді.
Даремде шотланд әскерінің саны 12 мың адамға жетті. Солтүстік ағылшын графтықтарының Йорк архиепископы, Уильям Ла Зуша бастаған кішігірім, үш-төрт мыңдық жәрдемші әскер (Фруассардың айтуынша, ағылшын әскер саны 11 200-ге жетті) қарсы тұрды. 17 қазан күні қарсылас әскерлер Невиллдегі тасты крестің маңында ағылшын-саксон дәуірінің реликті маңындағы Даремнің оңтүстігінде берік жерлерде орналасты.
Бастапқыда Креси және Халидон-Хиллдегі шайқастарға сүйене отырып, екі жақ қорғаныс позициясын сақтауға тырысты. Бұл тактика ағылшындарға сәттілік әкелді: ағылшын садақшыларының жауған жебелері шотландықтарды шабуылға мәжбүр еткізді. Дәуіт II-нің басшылығымен үш шотланд батальонының екеуі шабуылға шығады, бірақ ағылшындар оларды қиратты. Роберт Стюарт басқарған үшінші батальон, мүлдем, шайқас алаңын тастап кетті. Нәтижесінде, шотланд әскері жеңілді, патша тұтқынға түсті. Дуглас графы, Уигтаун графы, Файф графы, Гартли бароны және тағы басқа көптеген шотландық барондар ағылшындарға тұтқынға түсті.
Шотланд әскерінің Невиллс-Кросс түбіндегі жеңілісі және Дәуіт II-нің тұтқынға түсуі ұзақ уақытқа елді Жүзжылдық соғыстан шығарды. Патшаны сатып алу туралы келіссөздер тек 1357 жылы аяқталды. Тіпті, Дәуіт II Шотландияға қайтып келгеннен кейін де ол Англиямен бейбітшілікті сақтауға мәжбүр болды. Нәтижесінде, Эдуард III Францияда ауқымды жорықтарға арналған іс-қимыл еркіндігімен қамтамасызданды.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.