Нафтенді мұнайлар
From Wikipedia, the free encyclopedia
Нафтенді мұнайлар. Құрамындағы жетекші құрамбөлік рөлін нафтенді көмірсутектер атқаратын мұнай түрлері. Бұл мұнайлар, өздерінің жаралу тегінен туындайтын бір топ ерекшеліктермен сипатталады, олардың ең бастысы — құрамындағы хошиісті көмірсутектердің, қатты парафиннің, шайыртасты-шайырлы заттардың аздығы (шайыртастақтар кейде мүлдем болмайды). Нафтенді мұнайлар, өзге мұнай түрлерімен салыстырғанда, сирек ұшырасады, бұл олардың қалыптасу жағдайларының айырықшалығымен түсіндіріледі.[1]