![cover image](https://wikiwandv2-19431.kxcdn.com/_next/image?url=https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/0/02/Nauru_satellite.jpg/640px-Nauru_satellite.jpg&w=640&q=50)
Науру (арал)
From Wikipedia, the free encyclopedia
Науру (ағылш. Nauru, на. -{Naoero}-) — Микронезия оңтүстігіндегі Тынық мұхитының батыс бөлігінде орналасқан маржан аралы. Арал аумағы — 21,3 км². 2007 жылдың шілде айында өткізілген халық санын бағалауы бойынша Науру Республикасының халық саны 13 528 адамды құрады, соның ішінде ерлер — 6763, ал әйелдер — 6765 адам.[1] Науру біршама сирек кездесетін маржан аралдары түріне жатады — көтерілген атолл. Аралдың орталық бөлігінде көне лагунаның қалдығы болып табылатын сәл тұзды тұщы сулы Буада көлі орналасқан. Сонымен қатар аралдың солтүстігінде Анабар шағын көлдер тобы орналасқан.
Науру ағылш. Nauru, на. -{Naoero}- | |
![]() | |
Науру аралының аэрофотосуреті | |
Сипаттамасы | |
---|---|
Ауданы | 21,3 км² |
Ең биік нүктесі | 65 м |
Тұрғындар (2012 жыл) | 9591 адам |
Халық тығыздығы | 450,282 адам/км² |
Орналасуы | |
0°31′52″ о. е. 166°56′24″ ш. б.0.531° о. е. 166.94° ш. б. / -0.531; 166.94 (G) (O) (Я) (T) | |
Акватория | Тынық мұхит |
Ел | ![]() |
![]() |
Науру аралы экватордан оңтүстіке қарай 42 км қашықтықта орналасқан. Ең жақын арал — Банаба — Наурудан шығысқа қарай 306 км қашықтықта орналасқан және Кирибати Республикасына ие. 1968 жылы арал өз тәуелсіздігін жариялады. Қазіргі кезде ол әлемдегі ең кішкентай тәуелсіз республика болып табылады.