From Wikipedia, the free encyclopedia
Наска сызықтары — ежелгі Наска мәдениеті кезінде жерді ойып, таяз жыралар арқылы жасалған алып геоглифтер жиынтығы болып, Перудің оңтүстік жағалауындағы Наска шөлінде орналасқан. Кейбіреуі нақты пішінді білдіретін жерге ойылған бұл белгілер б.з.д. 5-ші ғасыр мен б.з. 5-ші ғасыры аралығында жасалған деп есептелгенімен, аталған нысандардың жасалуы мен мақсаты әлі де зерттеушілер үшін жұмбақ болып келеді.[1]
Наска Сызықтары | |
---|---|
(ағылш.) Nazca Lines* | |
ЮНЕСКО-ның Әлемдік мұрасы | |
«Жарғанат адам» ретінде белгілі антропоморфты дәу (ғарышкер деп есептейтіндер де бар). | |
Ел | Наска шөлі, Перу |
Түрі | Мәдени |
Критериялар | i, iii, iv |
Сілтеме | [Наска сызықтары 700] |
Аймақ** | 75,358.47ге |
Координаттар | 14°43′ о. е. 75°08′ б. б.14.717° о. е. 75.133° б. б. (G) (O) (Я) |
Қосылуы | 1994 (18-сессия) |
Кеңейуі | |
Картадағы Наска Сызықтары | |
* Атауы ағыл. ресми тізімінде ** ЮНЕСКО-ның классификациясы бойынша аймақ |
Наскадағы көптеген сызықтар ландшафтардан оңды-солды түп-түзу кесіп өтеді, дегенмен қисық және доға сызықтардан тұратын жануар және өсімдік секілді тұлғаларды бейнелеген нұсқалары да бар. Тұлғаларды бейнелеген геоглифтердің ұзындығы 0.4км-ден 1.1км аралығында. Барлық желілердің жалпы ұзындығы 1300 км-ден асады, ал топтық қамту аумағы шамамен 50км2. Сызықтардың орташа тереңдігі 10-15см шамасында. Олар жер бетіндегі темір оксидімен қапталған қызғылт-қоңыр малта тастарды алып тастап, астындағы сарғыш сұры топырақты ашу арқылы жасалған.[2] Сызықтардың ені айтарлықтай өзгереді, бірақ жартысынан көбінің ені үштен бір метрден сәл асады. Кей жерлерінде сызықтардың ені тек 30.5см болса, ал кей жерлерінде 1.8м.[3][4]
Наска сызықтарының үш түрі бар: түзу сызықтар, геометриялық конструкциялар және суретті бейнелер. Латын Америкасының Перу жағалауындағы жазықта 800-ден астам түзу сызық бар, олардың кейбіреулері 48км-ге дейін созылып жатыр. Сонымен қатар, 300-ден астам геометриялық конструкциялар бар, олар үшбұрыш, тіктөртбұрыш және трапеция тәрізді негізгі пішіндерді, сондай-ақ спиральдарды, жебелерді, зиг-загтарды және толқынды сызықтарды қамтиды.
Наска сызықтарының кейбіреулері ауадан қарағанда нақты пішін болып көрінеді, олар қоршаған тау бөктерінен, немесе басқа биік жерлерден көрінеді. Наска сызықтарында шамамен 70 шақты жануарлар мен өсімдіктер бейнеленген. Олар колибри, өрмекші, балықтар, бүркіт, құтан, маймыл, кесіртке, ит және адамның зооморфтық дизайны қатарлылар. Бұдан басқа ағаштар мен гүлдердің пішіні де бар. [5][6][7] Пішіндер әдетте үздіксіз сызықпен жасалады. Олардың ең үлкенінің ұзындығы шамамен 370м.[8] Наска сызықтары сонымен бірге адамтектес фигура («Ғарышкер» лақап атымен), қолдар және кейбір белгісіз бейнелер сияқты басқа нысандарды қамтиды. Өңір оқшау орналасқандықтан және үстірттің құрғақ, желсіз, тұрақты климаты себепті осынау сызық желілері табиғи түрде сақталған. Ауа-райының өте сирек өзгеруі жалпы дизайнға аздап өзгеріс әкелген. Дегенмен, 2012 жылдан бастап қоныстанушылардың артуынан сызықтар бұзыла бастады делінеді.[9]
Ғалымдар бұл конструкциялардың мақсатын түсіндіруде әр түрлі жорамалдар айтады, дегенмен олардағы ортақ пікір бұл белгілердің діни мәнге ие екендігі.[10][11][12][13] Насқа сызықтарын 1994 жылы ЮНЕСКО Әлемдік мұра тізіміне ендірді.
Лимадан шамамен 400км оңтүстікте, Наска мен Палпа қалалары арасындағы Пампас-де-Джуманада биік әрі құрғақ үстірт 80км-ге созылып жатыр. Наска сызықтары осынау үстірттің әр жерінде шашырап жатқанымен, негізінен San Miguel de la Pascana қаыстағының оңтүстігіндегі 10x4км төртбұрышына шоғырланған. Ең танымал геоглифтер осы аймақтан көрінеді.
Кейбір жергілікті геоглифтер Паракас (Paracas) мәдениетінің Паракас мотивтеріне ұқсаса да, ғалымдар Наска сызықтарын Наска мәдениеті жасаған деп санайды.
Археологтар, тарихшылар және математиктер Наска сызықтарының мақсатын анықтауға тырысып келеді.
Педро Сиеза-де-Леон (Pedro Cieza de León) Наска сызықтары туралы алғаш 1553 жылғы кітабында жазады және ол сызықтарды жол белгісі деп қате түсіндіреді.[14]
Луис Монсон (Luis Monzón) 1586 жылы Перуде ежелгі қирандылар қалдығын байқағанын, сондай-ақ "жол" сораптарын көргенін хабарлайды.[15]
Наска сызықтары таяу маңдағы төбелерден жартылай көрінетін болса да, ол туралы ең әуелі Перулік әскерилер мен азаматтық ұшқыштар алғаш хабарлайды.
1927 жылы Перу археологы Торибио Меджия Хеспе (Toribio Mejía Xesspe) тау бөктерінде саяхаттап жүріп, сызықтарды байқайды. Ол оны 1939 жылы Лимада өткен конференцияда талқыға салады.[16]
Паул Косок (Paul Kosok), Лонг-Айленд университетінің (Long Island University) американдық тарихшысы, Наска сызықтарын ұзақ зерттеген алғашқы ғалым есептеледі. 1940–41 жылдары Перуде ежелгі суару жүйелерін зерттеу үшін ол сызықтар үстінен ұшып өтеді де, олардың біреуінің құс пішінінде екенін байқайды. Келесі бір орайда ол сызықтар мен Оңтүстік жарты шардағы қысқы күннің тоқырауының байланысын қарастырады. Ол сызықтардың қандай жүйемен жасалғанын, олардың жасалу мақсатын анықтауға тырысады. Ол АҚШ археологі Ричард П.Шайдел және Лима қаласынан келген неміс математигі және археологі Мария Рейх қатарлылармен бірге Наска сызықтарының мақсатын анықтауды қолға алады. Олар фигуралардың пайда болуының алғашқы себептерінің бірін ұсынады: маңызды даталарда күн және басқа аспан денелерінің қай жерден көтерілетінін көрсету үшін көкжиекте белгі қалдыру.
Наска сызықтарының қалай жасалынғанын анықтау олардың не үшін жасалынғанын анықтауға қарағанда жеңілірек болды. Ғалымдар наскалықтар сызықтарды салу үшін қарапайым құралдар мен өлшеу аспаптарын қолданған деген теорияны алға тартты. Археологиялық зерттеулерде кейбір сызықтардың соңындағы жерлерден ағаш діңгектердің табылуы осы теорияны растады. Сондай бір ағаш діңгекке көміртегілі-анықтау жасалып, кешеннің жасалу уақытын анықтауға қолданылды.
Наска сызықтарын "Ежелгі ғарышкерлер" жасады деген Эрич фон Даникеннің (Erich von Däniken) гипотезасын[17] жоққа шығарған әйгілі скептик Джо Никелл (Joe Nickell) наскалықтарға қол жетімді құралдар мен технологияларды қолдана отырып фигураларды жаңғыртты. Американдық ғылымдар сызықтарды салыстыра отырып, оның жұмысының "дәлдігі аса керемет" деп сипаттады. Никелл ұқыпты жоспарлау мен қарапайым технологиялар көмегімен шағын топ үлкен фигураларды бірнеше күн ішінде, ешқандай әуедегі көмексіз жасай алатындығын дәлелдеді.[18] 10-15 см болатын жер бетіндегі таяз арықшалар құрайды. Мұндай арықшалар Наска шөлінің беткі қабатындағы қызғылт-қоңыр түсті темір оксидімен қапталған қиыршық тастарды алып тастау арқылы жасалған. Қиыршық тастар алынып тасталған соң, арықша түбінің реңі мен тоны (tone) айналасындағы жер бетімен айқын салыстырма жасап, көрінетін сызықтар қалыптастырады. Осы астынғы қабаттың әк (lime) мөлшері көп. Таңертеңгі тұманнан ылғал болған кезде желді желден қорғайтын қорғаныс қабатын қалыптастыру қиындайды, осылайша эрозияға жол бермейді.мөлшері көп. Таңертеңгі тұманнан ылғалданып, қатып, желден қорғайтын қорғаныс қабаты қалыптасып, Шіру мен жемірілуден (эрозия) сақтанады.
Наска бұл техниканы жүздеген қарапайым, бірақ ұзын, қисық сызықты жануарлар мен адам фигураларын "бейнелеу" үшін бедерленген. Жалпы алғанда, жерді бедерлеу жұмыстары орасан зор әрі күрделі болған: сызықтарды қамтитын аумақ шамамен 450км2, ал ең үлкен кескіннің сызығы шамамен 370м тұрады. Кей фигуралар өлшенді: Колибридің ұзындығы 93м, Бүркіттің ұзындығы 134м, Маймылдың ұзындығы 93 метрден 58 метрге дейін, ал өрмекші 47м. Назка аймағының аса құрғақ, желсіз және тұрақты климаты Наска сызықтарын жақсы сақтаған. Наска шөлі жер бетіндегі ең құрғақ өңірдің бірі болып, жыл бойы 25°C температураны сақтайды. Желдің болмауы сызықтардың жабындысыз және көрнеу сақталуына көмектесті.
2011ж басында Ямагата университетінің жапондық командасы екі кішкентай фигураның байқағанын жариялады. Олардың бірі адам басына ұқсайды және Назка мәдениетінің алғашқы кезеңіне, тіпті одан да ерте кезеңге жатады. Келесі біреуі - жануар бейнесі. Жапондық команда сол жерде 2006 жылдан бері бақылау жұмыстарын жүргізіп келеді және 2012 жылға қарай 100 шақты жаңа геоглиф тапты.[19] 2012 жылдың наурыз айында университет алдағы 15 жылдағы ұзақ мерзімді жобамен байланысырып, 2012 жылдың қыркүйегінде осы алаңда жаңа ғылыми орталық ашатыны туралы хабарлады.[20]
Smithsonian журналының 2019ж маусымдағы мақаласында жапондық зерттеушілердің мульеидисциплинарлық командасы кейбір құстар бейнесін анықтағанын/қайта анықтағанын хабарлады.[21] Олар құстардың Наска геоглифтерінде жиі бейнеленген жануар екеніне назар аударды. Команда бұрынғы зерттеушілер жергілікті құстар деп есептеген құстардың кейі шөлсіз өңірде кездесетін экзотикалық құстарға көбірек ұқсайтынын айтады. Олар "жергілікті құстардың орнына экзотикалық құстардың геоглифтерде суреттелу себебі бедерлеу процесінің мақсатымен тығыз байланысты" деп болжады.[22]
2019 жылы Ямагата университеті мен IBM Жапония Наска Пампадағы және айналасындағы 143 жаңа геоглифтің байқалғанын жариялады. Солардың бірі машиналық оқыту негізіндегі әдістерді қолдану арқылы табылды.[23] One of these was found by using machine learning-based methods.[24]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.