Мұса пайғамбар
From Wikipedia, the free encyclopedia
Мұса пайғамбар ( Грекше: Mωϋσῆς, Арабша: موسىٰ ) — Алла Тағала Қасиетті Құранда былай деген:
Мұса ﵇ | |
араб.: موسى | |
![]() | |
Туған күні |
Б. з. д. XV ғасыр |
---|---|
Туған жері |
Ежелгі Мысыр |
Қайтыс болған күні |
Б. з. д. XIV ғасыр |
Қайтыс болған жері |
Синай шөлі |
Қызметі |
Пайғамбар |
Әкесі |
Имран |
Анасы |
Юхабед |
Жұбайы |
Саффура |
«(Мұхаммед Ғ.С.) Кітаптағы Мұса (Ғ.С.) ны есіңе ал. Рас ол, ықыласты әрі жіберілген пайғамбар еді» (19:51).
Перғауынның билік еткен уақыты Имранның ұлы Мұса пайғамбардың (оған Алланың сәлемі болсын) дәуіріне сәйкес келеді. Мұса деген есім екі сөзден тұрады. «Мұ» - су және «са» - ағаш, демек, «Мұса» сөзі жалпы алғанда, мынадай мағынаны білдіреді: «су мен ағаштың арасында келген».
Хадиске сай, бір күні Перғауын түс көреді, түсінде Иерусалимнен келген от бүкіл Мысырды жалмайды, сол өртте күллі иман келтірмеген кәпірлер жанып кетеді. Ал Исраил ұрпақтарына (еврейлер) ештеңе болмайды. Ұйқысынан тұра сала, Перғауын түс жорығыштарға жүгінеді. Сонда олар оған:
«Исраил ұлдарының ішінде жуырда бір ұл дүниеге келеді, ал сенің өмірің сол ұлдың қолында болады» дейді.
Осыдан кейін Перғауын Исраил тұқымынан болған жаңа туған ұлдардың бәрінің көзін құртуды талап етеді.
Бір деректерде, тоқсан мыңнан артық бала өлтірілгені айтылған. Сонда Перғауынға Мысырдың танымал адамдары келіп, бір жылы балалар өлтірілсе, келесі жылы балалардың өлтірілмеуін сұрайды. «Әйтпесе бірде-бір бала қалмайды», - деп өтінеді.
Перғауынның бұйрығы бойынша, сол жылы балалар өлтірілмейді. Сол жылы Харун хазірет дүниеге келеді. Ал Мұса (оған Алланың сәлемі болсын) балдардың өлтірілетін жылы туады. Ұлы туа салғанда Перғауынның адамдарынан қорыққан Мұсаның ата-анасы оны отқа тастайды. Алайда от пайғамбар болар балаға еш тиіспейді. Шарасыздықтан анасы ұлын сандыққа салып, Ніл өзеніне ағызып жібереді. Ішінде нәрестесі бар сандық өзенге ағып кете барады. Өзен арнасының бірі Перғауын сарайының маңынан ағатын, ағыс сандықты тура сол жерге алып келеді. Ал сандықты Перғауынның әйелі тауып алады. Ол сәбиді сандықтан шығарып алып, өзімен алып кетеді әрі баланы өте жақсы көріп қалады. Перғауын ұлды қатты өлтіргісі келсе де, әйелінің өтінішіне қарсы келе алмай, бұл ниетінен бас тартады. Оған қоса, Перғауынның өз кіндігінен бала болмаған.
Содан баланы емізетін әйелдерді шақырады. Алайда, бала ешкімнің омырауын ембей қояды. Сол арада сандықтың артынан жүріп отырған ұлдың апасы бұл сәбиге ең жақсы бала емізетін әйел тауып беретіндігін айтады. Осылайша, Мұса өзінің туған анасымен қауышады...