From Wikipedia, the free encyclopedia
Мұрын жырау, Тілеген Сеңгірбекұлы (1859 - 1954 ж.) — жырау. Қашаған жырау мен Нұрым жыраудың шәкірті, аталмыш жыраулардан Қырымның қырық батыры эпопеясын үйреніп, біздің заманымызға дейін жетіп, қағаз бетіне түсуіне септігін тигізген қайраткер. XX ғ. қазақ ауыз әдебиетінің ең жарқын өкілдерінің бірі.
Мұрын жырау | |
Негізгі ақпарат | |
---|---|
Туған кездегі есімі |
Тілеген Сеңгірбекұлы |
Туған күні | |
Туған жері |
Қоңырорпа, Бозащы түбегі, Маңғыстау ауданы, Маңғыстау облысы |
Қайтыс болған күні | |
Қайтыс болған жері | |
Мемлекет |
КСРО |
Мамандықтары | |
Аспаптары | |
Жанрлары |
Мұрын Сеңгірбекұлы 1859 жылы Маңғыстау өлкесі, Бозащы түбегінде, Қоңырорпа деген жерде туған. Мұрынның әкесі Сеңгірбек өмір бойы ата кәсібі ұсталықпен айналысқан. Қалдықызбен (Қалдыкөз) тұрмыс құрады. Жыраудың ағасы Төлеген дүниеге келген соң көп уақыт балалы болмай, он жылдан кейін дүниеге келген, көптен күткен ұлының атын Тілеген қойған. Жас Мұрынды әкесі жастайынан зергерлікке, ұсталыққа үйретеді.Баланың кішкене кезінен ән-күй, жыр-термеге құмарлығы білінді. Бұны алғаш байқаған анасы болатын. Анасы өзі де әңгімеқұмар кісі болғандықтан, білетін аңыз-әңгіме, өлең-жырларды ырғағы мен мәнерін келтіріп айтып отырады екен.
XIX ғасырдың 60 жылдары патшалық Ресейдің шығыс аймағында үлкен әкімшілік-басқару реформасы орын алған. 1868 жылы 21 қазанда "Орынбор және Батыс Сібір генерал губернаторларының далалық облыстарын басқару туралы уақытша ереже" қоданысқа енгізілді. Патшалық империализмнің нәубеті артып, салық артып, халыққа қысым күшейді. Көп ұзамай қалыптасқан ахуалға жауап ретінде 1870-1873 жылдары тарихта "Иса-Досан көтерілісі" деген атпен белгілі Адай руының көтерілісі орын алған. Алайда көтерілістің басы өте сәтті басталғанымен, орыс әкімшілігі көтерілісшілерді басуға шұғыл түрде көмекке Дағыстаннан, Бақыдан (Баку) әскер жіберді. Көтеріліс басып тасталған соң, патша әскері халықты тонауға кіріскен. Осы уақытта Сеңгірбек руластарымен қосылып, Хиуа хандығы қарамағындағы, Қарақалпақ, Түркмен, Өзбек, Тәжік аймақтарына қоныс аударып кетеді. Көшуінің тағы бір себебі, көтерілісшілерге қару дайындаған ұстаға, патша үкіметінің көзқарасы болатын (әрине оң болмасы айдан анық). Босып кеткен елдің халі мүшкіл еді. Бұл кезде болашақ жырау шамамен 12-13 жаста.
Мұрын кіші кезінен әкесінің ұстаханасында істейтін. Жұмыстан босаған уақытты жан құмарлығын басу үшін жырға арнайтын. Алайда әкесі жас Мұрынды жанында ұстауды жөн көрген. 1875 ж. Он алты жасында жырау Дәметкенге үйленеді. Бір жылдан кейін әкесі қайтыс болады. Бұл жағдайда бүкіл үй іші шаруашылық, ұстахана ісі Мұрынға жүктелген. Дегенмен жан-тәнімен сөз өнеріне берілген жас жырау, әкесінің жылы өткеннен кейін, ұста шаруашылығын ағасына тастап, бір топ ақындарға қосылып ел кезіп кетеді.
1880 ж. атамекені Бозашы Маңғыстауға оралады. Сол жерде атақты Қашаған ақынмен бес жыл үзеңгілес болады.
Жырау қырық жасына таянған шағында, 1897 – 1899 аралығында Қарақалпақстан аумағындағы Қожеліде қоныстанады. Бұл жерде ол үлкен қасіретке ұшырайды. Әйелі Дәметкен алты баланы дүниеге әкелген еді. Төрт қыз, екі ұл. Үш қызы әр уақытта шетінеген болатын. Қожеліде бірдей екі ұлы кезекпе-кезек қайтыс болады. Осы оқиға жырауға өте ауыр тиген еді. Қайғыдан жыршылығы мен ел аралауды қойып, көп уақытын ата кәсібі ұсталық пен отбасына арнайды. Туған жері Маңғыстауға көшіп, сол аймақта тұрақтап қалады.
1899 ж. Мұрын жырау Форт Шевченко қаласына көшіп барады. Тастан (ұлутас) үш бөлмелі шағын үй мен ұста дүкенін салады. Арнайы жиындарда ғана жыр айтады.
1907 ж. жары Дәметкен дүние салды. Жалғыз қызы Тұрлан екеуі қалған еді. Бірақ көп ұзамай Мұрын Жаншаға (Жансалқам) үйленіп, тұрмысы біршама түзелді.
1940 ж. Жанша қайтыс болады. Осы кезде жалғыз қызы Тұрлан мен Күйеу баласы Дүйсенбай, қарт жыраудың қоластына көшіп барып, оған демеу болып, көңілін аулайды. Мұрынға жиен немересі Дәуітбайды бала етіп берген.
1941 ж. А. Хангелдин "Қырымның қырық батырынан" отыз жеті жыр үзіндісін жазып алғаннан бастап Мұрын жырау Республика деңгейінде таныла бастайды.
1942 ж. КСРО Ғылым академиясының Қазақ филиалы президенті Қаныш Сәтбаев пен Тіл, әдебиет және тарих институтының директоры Нығмет Сауранбаевтың Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы Нұртас Оңдасыновқа Мұрын жырауды шақырту және оған арнайы жағдай жасау хатын жолдайды.
Мұрын Сеңгірбекұлы 1942 жылдың 11 шілдесінде Алматыға келеді. Біраз тынығып алғаннан кейін филормонияда алпыс шақты кісі алдында "Орақ-Мамай", "Қарасай-Қази" жырын айтады. Тыңдаушылар арасында Сәбит Мұқанов, Қаныш Сәтбаев, Мұхтар Әуезов, Әбділдә Тәжібаев, Асқар Тоқмағамбетов, Есмағамбет Ысмайылов, Қажым Жұмалиев, Нығмет Сауранбаев, Ғабиден Мұстафин, Ахмет Жұбанов, Ғабит Мүсірепов, Әлкей Марғұлан т.б. қазақтың зиялы қауым өкілдері болған. Сол жылы "Қырымның қырық батыры" қағазға түседі. Стенаграфист болып – Мәриям Исаева тағайындалды, ал жырларды – Мәриям Хәкімжанова жазып алып отырды.
1947 ж. И. Ұйықбаев арқылы Ғылым академиясы қорына өмірбаянының толық нұсқасы мен төрт батыр жайлы жырды жібереді. Сол жылы Мұрынды Республикалық Халық шығармашылық үйі Алматыға шақырады. Көпшілік алдында жырлап, біршама күн Алматыда болады. Осы уақытта оның жырларын жазып алған деседі. Алайда бұл жайында ешқандай қорлар мен мұрағаттарда мәліметтер табылмады.
1948 ж. 28 сәуірде Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің "Мұрын жырау мұраларын жазып алу, жинау, жүйелеу" туралы жарлығы шығады.
Мұрын жырау Сеңгірбекұлы 1954 ж. 29 тамызда бір айдай төсек тартқаннан кейін, Форт-Шевченко қаласында өмірден озды. Қала маңындағы Сисем ата зиратында жерленген. Жырау өмірінің соңғы жылдарын домбырасын қолына алып, ноғайлы батырларының ерліктерін дәріптеумен өткізген. Замандас, құрбы-құрдастарымен үлкен жиындарда кездесіп, қалың елге жыр, батырларының ерліктері жайында әңгімелер айтқан еді.
Қырымның қырық батыры атты жыр жинағы 41 батырдың ерлігін жырлайтын 36 жырдан тұратын алып туынды.
Аңшыбай батыр және оның ұрпақтары:
Қарадөң батыр және оның ұрпақтары:
Жеке батырлар:
Жыр дала шежіренамалық жырлау мен әңгімелеу дәстүрін өз бойына сіңіріп, жеңіл түрде өткен оқиғаларды баяндап қана қоймай, тарихи оқиғаларға бірегей өзіндік баға береді. Жырдағы қаһармандардың көбісі әкелі-балалы болып байланыс орнатып, генеологиялық (шежірелік) байланыс құрады:
Аңшыбай батырдың ұрпақтарында:
Құттықия → Едіге → Нұрадын → Мұса хан → Орақ, Мамай → Қарасай, Қази.
Жеке батырларда:
Көкше батыр → Көкшенің ұлы Ер Қосай;
Манашы → Манашыұлы Тұяқбай;
Жаңбыршы → Жаңбыршыұлы Телағыс;
Шынтас → Шынтасұлы Төрехан.
Сонымен қатар жырдағы кейіпкерлердің көбісі Алтын Орда мен Ноғай Ордасы заманында өмір сүрген хандар, би мен батырлар, Мысалы:
Тоқтамыс хан — Алтын Орда ханы.
Сәтемір — Әмір Темір, Ақсақ Темір, Темірлан дарынды қолбасшы, Мәуеренаһр билеушісі, Тимуридтер династиясының негізін қалаушы.
Едіге би — Ноғай Ордасының негізін қалаушы, Алтын Орданың беделді биі.
Асан қайғы — Қазақ хандығының құрылтайшыларының бірі, Ұлық Мұхамед, Жәнібек хандардың биі.
Орманбет би — ноғайлы заманының атақты биі. Қазақ ауыз әдебиетінде қазақ пен ноғай араларының алыстап, бөлінуін Орманбет бидің өлімімен байланыстырады.
Мұса би — Ноғай Ордасының биі. Мұса би кезінде Ноғай Ордасы Еуразия кеңістігінде ең азулы күшке айналған. Қырымның қырық батырында оған "хан" атағы телінген.
Жаңбыршы би — Ноғай Ордасының билеушісі, Мұса бидің інісі, әрі оң қолы.
Жаңбыршыүлы Телағыс — Ресми тарихи деректерде есімі "Ағыс, Агиш". Мұса би мен әкесі Жаңбыршы дүниеден өткеннен соң орын алған Мұса ұрпақтарының арасындағы билік үшін тартыстың қатысушысы. Мұрагерлік дәстүр бойынша би болу құқығы болмаған.
т.б.
Жырау мұралары түгел дерлік қағаз бетіне түспегенге ұқсайды. Себебі жыраудың 1949 жылы Ғылым академиясына жіберген хатында білетін жырларының тізімін жазған еді. Ол тізімде:
Осы тізімді қарай отырып Мұрынның бай қазынасын байқаймыз. Аталған ресми хат "Қырымның қырық батыры" авторының әбден қартайған шағында жазылғанын ескерсек, жырау байлығы бұдан да кемел болуы керек. Бұл жайында Қабиболла Сыдиықов:
"Өмір бойы халқымыздың асыл қазынасын жүрегінің ыстығына бөлеп, аялап келген Мұрын жыраудың білгені мен жырлағаны өзі тізімде көрсеткен әлдеқайда мол болуы мүмкін. Оның бәрін еске түсіру тоқсанға келген жырауға оңай түспеген шығар. Өзгесін айтпағанның өзінде, "Қырық батыр" жырларын жеткізудің өзі де аз еңбек емес
", -дейді.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.