From Wikipedia, the free encyclopedia
Мүшелер жүйесі (система органов); (systema organum, лат. systema — жүйе, грек, organon - мүше, ағза) — құрылысы ұқсас, шығу тегі мен дамуы біркелкі және белгілі бір қызметтерді атқаруға маманданған мүшелер тобы. Мүшелер жүйелері адам мен жануарлар организмдерінде үлкен үш топқа топталады: сомалық мүшелер жүйелері (тері жабыны, сүйектер және бұлшықеттер жүйесі), ішкі мүшелер жүйелері (ас қорыту, тыныс алу, зәр бөлу, көбею - аталық және аналық), біріктіргіш (интеграциялық) мүшелер жүйелері (эндокринді бездер, тамырлар жүйесі, жүйке жүйесі). Мүшелер жүйелері қызметіне байланысты аппараттарға, мысалы, тірек-қимыл аппараты (сүйектер және бұлшықеттер жүйелері) бірігеді.
Адам ағзасындағы мүшелері, мүшелер жүйесі, олардың құрамына жататын мүшелер мен ұлпалар
Мүшелер және мүшелер жүйесі | Құрамындағы мүшелер | Негізгі ұлпалар |
I. Эндокриндік мүшелер жүйесі немесе ішкі секреция бездері | Гипофиз, эпифиз, қалқанша без,қалқанша маңы бездері, айырша без (тимус), ұйқыбез, бүйрекүсті бездері, жыныс бездері | Эпителий,жүйке,дәнекер |
II. Жүйке жүйесі: а) төндік бөлім ә) өсімді бөлім | Ми, жұлын, мидан жөне жұлыннан тарайтын жүйкелер Мидың бағаналы бөлімі, жұлын, жүйке бағаналары, жүйке орамдары, жүйкелер | Жүйке ұлпасы, дәнекер, эпителий |
III. Сенсорлық жүйе (анализаторлар)немесе сезім мүшелері | Көру, есту, иіс сезу, дәм сезу, түйсіну (сипап сезу) | Эпителий,жүйке,дәнекер,бұлшықет |
IV. Тірек-қимыл мүшелер жүйесі: а)канқа ә) бұлшықет | Сүйектер және олардың байланысы қаңқаның, ішкі мүшелердің және жүректің бұлшықеттері | Дәнекер,бұлшықет |
V. Иммундық жүйе | Лимфа түйіндері, айырша без, көкбауыр, кемік майы | Эпителий,дәнекер |
VI. Жүрек-қантамырлар жүйесі | Жүрек, кантамырлар (артерия, вена және қылтамырлар) | Бұлшықет,дәнекер, эпителий |
VII. Тынысалу жүйесі: а) ауа өтетін жолдар е) тынысалу мүшесі | Мұрын қуысы, жұткыншақ, көмекей,кеңірдек, ауатамырлар. Өкпе | Бұлшықет,дәнекер,эпителий |
VIII. Лимфа жүйесі | Лимфа қылтамырлары, лимфа тамырлары, лимфа түйіндері, лимфа өзектері, бадамша бездері | Эпителий, дәнекер |
IХ.Асқорыту жүйесі: а) аскорыту мүшелері ә) аскорыту бездері | Ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, қарын, аш ішек, тоқ ішек. Сілекей бездері (шықшыт, астыңғы жақасты, тіласты), бауыр, ұйқыбез | Дәнекер, бұлшықет, эпителий |
X. Зәржыныстық мүшелер жүйесі: а) зәршығару жүйесі ә) жыныс жүйесі 1. Аналық жыныс мүшелері 2. Аталық жыныс мүшелері | Бүйрек, несепағар, қуық, несеп шығару өзегі. Үлкен, кіші жыныстық ернеулер, аналық бездер, жатыр, жатыр түтігі, қынап. Ұма, жыныстық мүше, аталык бездер, оның қосалқы бөлімдері (тұқым шығарушы өзекшелер, тұқым көпіршіктері, қуықасты безі) | Эпителий, бұлшықет, дәнекер. Эпителий, бұлшықет, дәнекер Эпителий, бұлшықет, дәнекер |
XI. Жабын жүйесі | Тері және оның қосалқы бөлімдері (түк, тырнақ, тері бездері) | Эпителий, бұлшықет |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.